Заманауи технологиялардың көмегімен физиканы оқыту: компьютермен басқарылатын тәжірибелер
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/JES.2020.v62.i1.12Аңдатпа
Физиканы оқыту – қызық та күрделі, әрдайым ізденуді талап ететін сала. Қазіргі ақпараттық технологияның өршіп тұрған заманында бұл аса қиындық туғызбасы анық, сонымен қатар бүгінгі таңның оқушыларын таңдандыру өте қиынға соғады. Ақпараттық заманда ақпараттың көптігі мида ресурстардың аз уақыт сақталынып қалуына және таңданыс туғызбауға алып келеді. Сондықтан да, оқытушыларға қойылатын негізгі талаптың бірі – әр сабақты оқыту барысында жаңа технологияларды ұтымды қолдана білу. Ақпараттық технологиялар пәндік ақпараттық орталықтары мен олардың мазмұндық және дидактикалық компоненттерін модельдеу, жобалау және талдау кезінде қолданылады. Олар ақпаратқа деген сыни көзқарас, рефлексия, өздігінше шешім қабылдауға қабілеттілік пен жауапкершілік, төзімділік пен шығармашылық, қарымқатынастық дағдылар сияқты жеке қасиеттерді дамытады, нәтижесінде физика сабағында заманауи технологияларды қолданылу білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады және виртуальдық үлгілерді қолдану арқылы тәжірибелерді жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Оқытушылар оқу-тәрбие процесінде АҚТ пайдалану арқылы сабақты қызықты, көрнекі және серпінді өткізе алатындығы көрсетілген. Мақалада Николай Коперник Университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті зерттеушілерінің Польша, Стшельно қаласындағы Albert Abraham Michelson және Квидшин каласындағы орта мектептерінде жүргізілген зерттеудің жұмыс нәтижелері сипатталған. Түйін сөздер: оқыту, тәжірибе жасау, мектептегі оқыту, оқытудағы жаңа технологиялар, PASCO, заманауи оқыту технологиялары, Польшадағы оқыту жүйесі.
