Физика мен астрономияны оқытудағы интерактивті дәрістер мен рөлдік ойындар

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2020.v64.i3.08

Аңдатпа

Оқыту – бұл білім алушының жеке тұлғасын, оның білімі мен құзыреттіліктерін және іскерлік дағдыларын заманауи талаптарға сәйкес қалыптастыру және дамыту үдерісі. Мұғалімдер 21 ғасырда педагогика ғылымдарының жаңа жетістіктеріне және қоғамның жаңа талаптарына сәйкес оқыту және тәрбиелеу әдістемесін белсенді түрде жаңартып отырады. Жаңа құралдарды, оқыту әдістерін қолдану – балалардың мотивациясын, білім алуға деген қызығушылықтарын, білім, білік, дағдыларын, құзыреттіліктерін арттыруға ықпал етеді. Педагогтер сол үшін бейнелі кәсібипедагогикалық ойлауды жетілдіреді. Мұндай тұрғылар оқытудың конструктивті стратегияларымен байланысты болғандықтан педагог те, оқушылар да белсенділік танытады. Оқушылар мен студенттердің белсенді бастамашылық етуі конструктивті оқыту стратегияларының бір бөлшегі болып саналады. Мақалада ойын әрекеті, рөлдік ойындар және театр қойылымдарын пайдалану арқылы физика және астрономияны оқытудың тәжірибесі жинақталған. Бұған бастауыш сынып оқушылары қатысқан. Польшадағы Николай Коперник Университетінде қолданылған 15 жылдық оқыту тәжірибесі жүйеленіп, талданған. Бұл тәжірибе басқа да орындарда, атап айтқанда Варшавадағы Ұлттық Ғылыми орталықта және сол сияқты шет елдерде де таратылған. Қазақстан мектептерінде рөлдік ойындарды жарыс элементі ретінде қолдана отырып оқыту тиімділігін арттырудың әдістері қарастырылған. Польшада және Қазақстанда оқытудың мұндай тәжірибесін салыстыру екі елдің де табыстылығын көрсетті. Түйін сөздер: оқыту, ойын арқылы оқыту, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, конструктивизм.

Жарияланды

2020-11-21

Журналдың саны

Бөлім

Методика преподавания дисциплин

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары