Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және педагогика кафедрасы тарихының очерктері.
Кілт сөздер:
университет тарихы, кафедра тарихы, даму кезеңдері, педагогикалық ғылымдар, ғылыми мектептер,Аңдатпа
Университет тарихы біздің еліміздің тарихымен тікелей байланысты. Ал кафедра тарихы университет тарихымен үздіксіз байланыса отырып, біздің республикамыздың қалыптасуы мен даму тарихында көрініс табады. Мақалада университет дамуының және педагогика кафедрасының даму тарихының очерктері туралы айтылады. Педагогика кафедрасының даму кезеңдері қарастырылады. Екі дәуір және төрт кезеңге бөліп көрсетіледі. Кеңестік дәуірдегі кафедра дамуы екі кезеңге бөлінеді: 1-кезең – ҚазМУ педагогика кафедрасының ашылуы және қалыптасуы (1940-1970 ж.); 2-кезең – педагогика кафедрасының жалпыуниверситеттік және республикалық ғылыми және әдістемелік орталық ретіндегі дамуы (1980-1991 ж.). Тәуелсіз Қазақстандағы дамуы: 3-кезең – педагогика кафедрасының жоғары білім берудің ұлттық жүйесін құру жағдайында халықаралық ынтымақтастықтың бастауы және бітіруші кафедра ретінде қалыптасуы (1991- 2010 ж.); 4-кезең – (2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін) – кафедраның әлемдік ғылым- білім кеңістігіне белсенді интеграциялануының стратегиялық дамуының болашағы. Кеңестік дәуірдегі және тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі кафедра меңгерушілерінің қосқан үлестері атап көрсетіледі. Академик Т. Тәжібаев, А.И. Сембаев және Г.К. Ахметованың үлестері айрықша аталады.Жүктеулер
Жарияланды
2016-01-14
Журналдың саны
Бөлім
История. Методология современного образования..
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және педагогика кафедрасы тарихының очерктері. (2016). Journal of Educational Sciences, 43(3). https://bulletin-pedagogic-sc.kaznu.kz/index.php/1-ped/article/view/71
