Қазіргі қазақ әңгімелерін оқытуда Ж. Аймауытовтың ғылыми еңбектерін қолданудың әдістемелік мүмкіндіктері
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2021.v67.i2.12Аңдатпа
Мақалада қазіргі қазақ әңгімелерін оқытуда Ж. Аймауытовтың ғылыми еңбектерін қолданудың әдістемелік мүмкіндіктері көрсетіледі. ХХ ғасырдың басында жазылған зерттеушілік әдіс-тәсілдердің бүгінгі оқыту үдерісіндегі ғылыми-теориялық маңыздылығы негізделеді. «Ана тілін қалай оқыту керек?» атты еңбегіндегі оқушылардың күнделікті сабақта қолдануы тиіс «мықты әдісінің» бірі қазіргі қолданыстағы оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастыратын тілдік төрт дағдыны (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) еске түсіретіні сараланады. Оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастыратын дағдыға қатысты Ж. Аймауытовтың пікірі қазіргі диалогтік оқытумен өзара үндесіп жатқаны қарастырылады. Әдіскер ғалымның шағын әңгімелерді қалай оқыту керектігі туралы ұсынған әдістерінің қазіргі қолданыстағы жаңа әдістермен сабақтастығы талданады. Сонымен қатар оның әңгіменің түріне қарай әдістерді әрбір мұғалімнің өзі таңдап отыру керектігі туралы пікірінің өміршеңдігі зерделенеді. Шығарма жаздырту туралы ұсынған әдістері де дәстүрлі жүйеде және қазіргі таңда қолданылып жүрген әдістердің негізі екендігі сөз етіледі. Сөйтіп, Ж. Аймауытовтың оқыту мен тәрбиеге қатысты зерттеу еңбектері жүйелі түрде ғылыми-педагогика тұрғысынан талданып, бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті мәселеге айналып отырғаны қамтылады. Аталған әдістемелік зерттеулер жаңартылған білім беру жағдайындағы қазақ әдебиетін, соның ішінде қазіргі қазақ әңгімелерін оқытуда тиімді болып табылады.Түйін сөздер: оқыту әдістемесі, тәсіл, диалогтік оқыту, сыни ойлау, дағды, қазіргі қазақ әңгімелері.
Жүктеулер
Жарияланды
2021-07-11
Журналдың саны
Бөлім
Методика преподавания дисциплин
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қазіргі қазақ әңгімелерін оқытуда Ж. Аймауытовтың ғылыми еңбектерін қолданудың әдістемелік мүмкіндіктері. (2021). Journal of Educational Sciences, 67(2), 112-119. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.12








