Электромагнетизмді ЖАТ-пен оқыту (жаңа ақпараттық технологиялар)

Авторлар

  • K Turekhanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Zh Akimkhanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • J Gani Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2019.v60.i3.012

Аңдатпа

Оқытуда аффективті доменнің маңыздылығы көптеген ғылыми зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарын, атап айтқанда физиканы зерттейтін студенттердің когнитивті дамуы есебінен байқалады. Мақалада педагогика, мазмұны мен технология қолданысындағы алғышарттарына негізделген және осы үш алғышарттар бір-бірімен қиылысатын тиімді аймақ кеңістігін құру үшін педагогикалық технологиялық біріктірілген ортаның (ПТБО)  электронды үлгісінің құрылымы ұсынылған. Технологиялық ортаны қолдану оқыту үдерісінің (эмоционалды саласының) аффективті домені үшін кеңістікті босатуға мүмкіндік береді. Көпқұрылымды үлгінің көмегімен ПТБО құрылымы әзірленді. Орта аталмыш электрондық кеңістік арқылы оқушылардың, оқытушылар және ата-аналар арасындағы өзара байланыстың, үй тапсырмалары, сонымен қатар унверситеттен тыс семинарлар мен сабақтардың нәтижелерін өлшеуге мүмкіндік береді. Мақала аталмыш үлгіні қолдана отырып “Электр және магнетизм” курсын оқытудың құрылымы мен әдістемесінің тиімділігі көрсетіп, таныстырып, пікірталасқа шақырады. Мақала мазмұнында жаңа әдістемелік тәсіл – педагогика мен технологияның, пән мазмұнының интеграциясы және технологиялық білім берудің жобаланған ортасының  нәтижелері және ғылыми зерттеулерді нығайту үшін қажетті әдебиеттердің үлгілері ұсынылған. Электронды технологиялық ортаның апробациясынан соң оның тиімділігін анықтау үшін студенттерге арналған сауалнама жасалынды. 50 студенттің 80,3%-ы аталмыш құрастырылған ортаның оқыту үшін қолдану тиімді деп санайды. Қалған студенттер оқытудың дәстүрлі әдістерін   қолдануды қалайды. Түйін сөздер: білім беру, оқыту, заманауи ақпараттық технологиялар, электромагнетизм

Жарияланды

2019-11-30

Журналдың саны

Бөлім

Методика преподавания дисциплин

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары