Жоғары мектептің инклюзивті ортасындағы студенттердің кәсіби өзін-өзі анықтауы: мәселелер, тәжірибе, болашақ

Авторлар

  • A. Magauova Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-0667-1011
  • G. Kassen Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-7047-2199
  • A. Kudaibergenova Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-8018-684X
  • Zh. Makhambetova Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-8458-3749

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.011
        143 0

Аннотация

Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің IRN AR 14872130
«Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру саласындағы ұлттық стратегия ретінде ерекше
білім беру қажеттіліктері бар студенттердің (СЕБ) кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыру»
жобасы (2022-2024 жж.) аясында жазылған. Мақалада Қазақстан Республикасының жоғары білім
беру жүйесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің кәсіби өзін-өзі анықтауына
және олардың одан әрі табысты жұмысқа орналасуына ықпал ететін инклюзивті ортаны құру
мәселелері көтеріледі. Экспресс сауалнама материалдары негізінде жоғары оқу орындарының
студенттерге жоғары білім жағдайында өзін-өзі анықтауға және қажетті әлеуметтік және еңбек
дағдыларын алуға мүмкіндік беретін жағдай жасау тәжірибесі талданды. Атап айтқанда, ерекше
білім беру қажеттіліктері бар студенттерге жүргізілген экспресс сауалнаманың нәтижелері жеке
және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты мамандық таңдаудың ерекшеліктері мен
себептерін және одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін көрсетті, ЖОО-ның инклюзивті
ортасын қалыптастырудағы олқылықтарды нақтылауға осы санаттағы студенттердің табысты
кәсіби өзін-өзі анықтауға дайындығын қалыптастыру бойынша одан әрі мақсатты іс-әрекеттің
болашағын анықтауға көмектесті.
Түйін сөздер: инклюзивтік, инклюзивті білім беру, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, ерекше
білім беру қажеттіліктері бар студенттер (СБМ), кәсіби өзін-өзі анықтау.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-03-20

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають

1 2 > >>