Жоғары білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау.

Авторы

  • T. Zh. Intimakov Ұлттық тестілеу орталығы, Қазақстан Республикасы, Астана қ.
  • Sh. B. Altybayeva Ұлттық тестілеу орталығы, Қазақстан Республикасы, Астана қ.
  • K. E. Baimbetova Ұлттық тестілеу орталығы, Қазақстан Республикасы, Астана қ.
  • T. N. Skabayeva Ұлттық тестілеу орталығы, Қазақстан Республикасы, Астана қ.

Ключевые слова:

білім беру мониторингі, мемлекеттік аралық бақылау, оқу жетістіктерін сырттай бағалау, кластеризация, мониторинг образования, промежуточный государственный контроль, внешняя оценка учебных достижений,

Аннотация

Бұл мақалада жоғары оқу орындары студенттерінің білім сапасын бағалау технологиясы, мемлекеттік аралық бақылаудың мақсаты мен міндеттері, оны енгізу кезеңінің ерекшеліктері туралы айтылып, 5 кезең көрсетіледі. «Нəтижеге бағдарланған білім беру» жəне «Қазақстанда білім беру сапасын дамыту» тұжырымдамаларын тарату жағдайында оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүйесі ендірілген. Оқу жетістіктерін сырттай бағалауды енгізу қажеттігі, мақсат-міндеттері, ерекшеліктері айқындалған жəне оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың нəтижесіне талдау жасалған. Мемлекеттік аралық бақылаудың (МАБ) жəне Қазақстанда оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОЖСБ) ендіру мен өткізу бойынша 2004 жылдан бастап, осы уақытқа дейінгі статистикалық материалдар мысалға алынады. Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға күндізгі бөлімнің 4-курс жəне сырттай оқитын студенттер қатысады. Студенттердің білімдік, құқықтық, экономикалық, аграрлық, жаратылыстану ғылыми, медициналық, техникалық жəне технологиялық мамандықтар бойынша ОЖСБ тапсыруында (2011-2013 жж.) соңғы үш жылдың көрсеткіштеріне назар аударуға болады. Жоғары оқу орындарының: ұлттық, мемлекеттік, азаматтық емес, акционерлік жəне жеке меншік түрлеріндегі оқу жетістіктерін сыртқы бағалау диаграммалары беріледі. ОЖСБ «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» бағаға тапсырған студенттердің саны, сонымен қатар республика бойынша шыққан орташа балл туралы статистикалық мəліметтер көрсетіледі. Республика көлемінде бір жоғары оқу орнында «қаржы», «есептеу жəне аудит» сияқты екі экономикалық мамандық бойынша орташа көрсеткіштерді салыстыру жүргізілген. Ұлттық тестілеу орталығының сайты www.testcenter.kz Внешняя оценка учебных достижений в высшем образовании В статье представлены технология оценивания качества знаний студентов вузов, цели и задачи промежуточного государственного контроля, особенности этапов внедрения. Раскрыты 5 этапов. В условиях реализации концепции «образования, ориентированного на результат» и «развития качества образования» в Казахстане внедрена система внешней оценки учебных достижений. Рассмотрены необходимость, цели и задачи, особенности внедрения внешней оценки учебных достижений, также проведен анализ по ре- зультатам внешней оценки учебных достиждений. Приведен статистический материал по внедрению и проведению промежуточного государственного контроля (ПГК) и внешней оценки учебных достижений в Казахстане (ВОУД) с 2004 года по настоящее время. Во внешней оценке учебных достижений принимают участие студенты 4 курсов дневной и заочной форм обучения. Внимания заслуживают данные последних трех лет (2011-2013 гг.) показателей сдачи ВОУД студентов образовательных, правовых, экономических, аграрных, естественнонаучных, медицинских, технических и технологических специальностей. Представлены диаграммы результатов оценки внешних достижений по видам высших учебных заведений: национальных, государственных, негражданских, акционерных и частных вузов. Приведена разбалловка оценок и статистические данные о количестве студентов, сдавших ВОУД на «отлично», «хорошо», «удовлетворительно», «неудовлетворительно», а также средний балл по республике. По двум экономическим специальностям «финансы», «учет и аудит» приведены данные в сравнении средних показателей по республике и одного из вузов. Сайт Национального центра тестирования www.testcenter.kz

Библиографические ссылки

1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007.
2 ҚР БҒМ 2012 жылғы 6 сəуіріндегі № 151 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық. – Астана, 2012.

Загрузки

Опубликован

2016-01-14

Выпуск

Раздел

История. Методология современного образования..