Зерттеушілік тәсілдер арқылы оқушылардың білім сапасын дамыту жолдары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.14Аннотация
Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты: оқу үрдісіне бейімделу кезінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін арттыру жолдарын, соның ішінде, зерттеушілік тәсілдердің оған қалай әсер ететіндігін қарастыру. Зерттеу Алматы қаласы, Сүйінбай атындағы No143 Жалпы білім беретін мектеп-лицейінде жүргізілді. Зерттеуге 97 оқушы, соның ішінде: 21 – 6 «а» сынып оқушылары; 50 – 7 «б», «в» сынып оқушылары; 26 – 8 «б» сынып оқушылары қатысты. Зерттеу 2 әдіс бойынша жүргізілді:1 – дәстүрлі оқыту әдісі,
2 – зерттеушілік әрекеттерді қамтитын эксперименттік әдіспен жүргізілді.
Зерттеу міндеттері: оқушылардың коммуникативтік құзыреттілік деңгейлерін анықтау; оқыту
процесінде зерттеушілік тапсырмаларды қолдану: проблемалық сұрақтар қою, ситуациялық жағдайлардан шығу жолдарын қадағалау; топтық жұмыстар беру арқылы олардың байланысу деңгейлерін арттыру және соңғы қорытынды есептеулерді жүргізу.
Жүргізілген жұмыс нәтижесі оң көрсеткіштерге ие болды. Зерттеушілік тәсілдерді, логикалық тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар мен рөлдік ойындарды оқытуда пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, оқу үлгерімдерімен қатар коммуникация деңгейлері де біршама жақсарды. Қазіргі кезде қолданылатын оқыту үрдісінде енгізілген көптеген педагогикалық технологиялар оқушылардың білім, білік, дағдыларын арттырумен қатар жеке қабілеттерін ашуға бағытталған. Мен де өзімнің зерттеу жұмысымда озық технологиялар мен дамытушы тапсырмаларды қолдандым.
Түйін сөздер: құзыреттілік, коммуникативтік құзыреттілік, методика, эксперимент, әдіс- тәсіл, интерактивті әдіс, тұлғааралық коммуникация.
Жүктелулер
Как цитировать
Zhaksibayeva, G., & Srailova, G. (2021). Зерттеушілік тәсілдер арқылы оқушылардың білім сапасын дамыту жолдары. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 67(2), 128–138. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.14
Шығарылым
Бөлім
Пәндерді оқыту әдіснамасы