Шеттілдік білім берудегі құзыреттердің рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.04
        146 584

Аннотация

Бұл мақалада шеттілдік білім берудің негізгі бағыттарының бірі – құзыретке негізделген бағыт қарастырылады және шеттілдік білім берудегі құзыреттердің орны мен мақсаты баяндалады. Шет тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құзыретіне негіздеп оқыту барысында білім алушылар өз елін, тілін оқып отырған елдің әлемімен салыстыруға, басқа елдің өз елінен өзгешелігі, оның менталитеті қандай, тартымдылығы неде деп ойлана алуы тиіс. Сондықтан оқып үйреніп жүрген тілде сөйлейтін елдің мәдениетін білмей, оны меңгермей тұрып, сол тілде құзыреттік білікке қол жеткізу мүмкін емес.Қазіргі білім беру парадигмасында құзыреттік тәсіл болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың мақсаттарын, негізгі міндеттері мен мазмұнын әзірлеудің басым әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыда қолданыстағы мемлекеттік білім беру стандарттарын қайта қарастыру, сондай-ақ білім беру жүйесін жетілдіру бар. Бұл құзыреттік проблемасын дамытудың жоғары теориялық және практикалық маңыздылығын тудырды, оның тұжырымдамасы белгілі бір қызмет саласымен байланысты, сондықтан құзыреттіліктің әртүрлі түрлері ерекшеленеді.

Мақалада «құзырет» және «құзыреттілік» сөздерінің мағыналық ерекшеліктері нақтылана түседі. Сонымен қатар шет тіл білімі тек коммуникативті сапаларды ғана емес, интерактивті және ақпараттық қасиеттерді де қалыптастыра алатындығына баса назар аударылады, бұл постиндустриалды және ақпараттық қоғамда объективті шындық саналады. 


Түйін сөздер: құзырет, құзыреттілік, білім беру, шеттілдік білім беру, рөл, қабілет, мәдениетаралық қарым-қатынас.

Жүктелулер

Как цитировать

Sagyndyk, A., & Ayapova, T. (2021). Шеттілдік білім берудегі құзыреттердің рөлі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 68(3), 40–47. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.04

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер