Қытай мен Қазақстандағы білім беруді ақпараттандырудың даму тарихы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.08
        201 141

Аннотация

Білім беруді ақпараттандыру – бұл білім беру үдерісінде адамдарды қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындау, ақпараттық-компьютерлік технологияларды кеңінен қолдану арқылы білім беру сапасын арттыру. Әлемдік тәжірибелерге сүйенсек, білім беруді ақпараттандыру саясаты өткен ғасырдың соңғы жылдарында дамыған мемлекеттерде іске асырыла бастады. Солардың бірі көршілес мемлекет Қытай Халық Республикасы еді. Сол кездің өзінде енді ғана тәуелсіздігін алып, дамып келе жатқан еліміз білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеру мақсатында ең алғашқы білім беруді ақпараттандыру бағдарламасын құрастырып, жүзеге асыра бастады. Бұл мақаланың мақсаты – Қытай мен Қазақстандағы білім беруді ақпараттандыру саясатының дамып келе жатқан әдісін салыстыра зерттеу. Екі елдің білім беруді ақпараттандыру саясатын зерттеу барысында кейс-стади әдісі қолданылды. Бұл салыстырмалы кейс-стади әдісі мемлекеттік құжаттарға, мемлекеттік бағдарламаларға, білім туралы заңдарға, АКТ жоспарлары мен жобаларына негізделген. Қытай мен Қазақстанның тәжірибесін салыстырмалы талдау негізінде мақалада ақпараттандыру саясатының тарихы, теориялық және практикалық маңызы, оның білім жүйесіне енуі, дамуы, кемшіліктері мен жетістіктері қарастырылды. Түйін сөздер: ақпараттандыру саясаты, мемлекеттік бағдарлама, салыстырмалы талдау.

Жүктелулер

Как цитировать

Rysbekkyzy, N., & Jide, W. (2021). Қытай мен Қазақстандағы білім беруді ақпараттандырудың даму тарихы. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 68(3), 83–92. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.08

Шығарылым

Бөлім

Электронды оқыту мен дистанционды білім беру