БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2019.v60.i3.09Аннотация
Оқытудың интерактивті әдістерді қолдану студенттерге өз білімдері мен біліктеріне сүйене отырып, оқыту үдерісінде өз күштері мен қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы тиімділігі артады. Интерактивті әдістерді қолдану барысында когнитивті дағдылардан бөлек коммуникативті біліктіліктер қалыптасады. Топта жұмыс істей білу, ымыраға келе білу біліктері, іскерлік коммуникабельділік қасиеттері дамиды. Оқытудың интерактивті әдістері мақсат қоя білу, міндеттерді анықтау, кәсіби оқытуда дұрыс, жауапты таңдау жасай білуге, кәсіби жағдаяттарды жан-жақты (кәсіби, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық) талдау білігіне үйретеді. Мақалада органикалық және бейорганикалық химияны оқытудағы белсенді әдістерді қолдану мәселелері қарастырылады. «Бейорганикалық және органикалық химия» пәні үшін ТРИЗ, «ақ қағаз», кейс-стадия, Э. Боно 6 тақия, миға шабуыл және т.б. әдістерін қолдану арқылы конструктивистік тәсілдің негізінде әдістеме құрастырылды. Эксперименталдық жұмыс Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеттің аграрлық факультет базасында болашақ агроном-студенттермен жүргізілді. Тәжірибелік-педагогикалық жұмысқа 40-қа жуық адам қатысты. Эксперименталды топта құрастырылған әдістеме бойынша белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып оқыту жүргізілді. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың нәтижесінде бақылау тобынан қарағанда эксперименталды топтың орташа көрсеткіштері жоғары болды. Түйін сөздер: ТРИЗ технологиясы, химиялық кинетика және химиялық тепе-теңдік, белсенді әдістер, коммуникабельділік, пікірталас, іскерлік ойындар.