Трансверсалды құзыреттілік: білім беру жүйесіндегі маңыздылығы

Авторлар

  • T Otarova Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v66.i1.02
        692 333

Аннотация

Бұл мақалада білім алушылардың трансверсалды құзыреттілігін дамытудың маңыздылығы, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы трансверсалды құзыреттіліктің даму деңгейі қарастырылды. Дамушы қоғамға лайықты білім беру жүйесіне сай білім алушылардың азамат ретінде қалыптасуына бағытталған трансверсалды құзыреттіліктердің компоненттері, әдістері талданды. Бүкіл әлемдік білім беру жүйесінің басты назарда ұстап отырған және Еуро Одақ жоғары оқу орындарында дамытылуы қажет деп танылған келесідей трансверсалды құзыреттіліктер жиынтығын: сыни және инновациялық ойлау, шығармашылық ойлау, цифрлық сауаттылық, ақпараттық сауаттылық, мәселелерді шешу, командада жұмыс жасау, шет тілдерін меңгеру және т.б. XXI ғасыр дағдыларының немесе «өмір сүру дағдыларының» трансверсалды құзыреттіліктермен байланысы көрсетілді.

Аталған құзыреттіліктер ғылыми әдебиеттерде, оқыту үдерістерінде келесідей атаулармен: жалпы құзыреттіліктер (generic competences), стратегиялық құзыреттіліктер (strategical compe- tences) және негізгі құзыреттіліктер (core competences) кеңінен қолданылуда. Трансверсалды құзыреттіліктер бір қызмет саласынан екіншісіне тез бейімделіп, ауыса алуымен, сонымен қатар, еңбек нарығында жетістікке жетуде басты рөл атқаратындығымен де ерекшеленеді.

Сонымен қатар, зерттеу TRANSMOD (2014) жобасының сауалнамасы негізінде жүргізілді. Зерттеуде 50 оқытушы қатысты. Зерттеу нәтижесінде, еліміздегі жоғары оқу орындарындағы трансверсалды құзыреттіліктің қалыптасу және даму деңгейі анықталып, талдау жасалынды.

Түйін сөздер: трансверсалды құзыреттілік, трансверсалды дағды, цифрлық сауаттылық, XXI ғасыр дағдылары, еңбек нарығы.

Жүктелулер

Как цитировать

Otarova, T. (2021). Трансверсалды құзыреттілік: білім беру жүйесіндегі маңыздылығы. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 66(1), 20–27. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v66.i1.02

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер