Қашықтықтықтан оқыту кезінде объективті бағалау құралы ретінде жоғары деңгейлі сұрақтарды қолдану

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.013

Аннотация

Мақалада халықаралық мектептер кеңесінде аккредиттелген Өскемен қаласының Назарбаев
зияткерлік мектебінде оқитын оқушылардың білім сапасы мен психологиялық жағдайына
пандемияның әсері қарастырылған. Талдау 11-сынып оқушыларының мысалында биология,
физика және ағылшын тілі пәндері бойынша жүргізілді. Онлайн оқыту жағдайында оқушылар
тарапынан академиялық адалдық қағидалары толық сақталмайтыны анықталды. Адал нәтижеге
жету үшін компьютердің жұмыс үстелін блоктайтын және уақытты шектейтін және т.б. арнайы
бағдарламаларды пайдалану қажет. Пандемия кезінде мұғалімдер нәтижелерді шынайы
көрсеткіштерге жақындату үшін оқушылардың білімін дәл бағалайтын барынша жоғары реттегі
ашық сұрақтарды пайдалана бастады. Пандемия жағдайында оқушылардың мектеп психологіне
жүгінуі орташа есеппен 9%-ке артқан. Студенттер тарапынан негізгі мәселелердің қатарына
көзбе-көз өзара қарым-қатынас, отбасылық кикілжіңдер және тұйықтықты жатқызуға болады .
Студенттердің көпшілігі үшін тайм-менеджмент мәселе болып табылады.
Түйін сөздер: пандемия, жоғары реттегі ашық сұрақтар, онлайн-оқыту, күйзеліске
тұрақтылық, академиялық адалдық, коммуникативтік дағдылар.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-07-05

Шығарылым

Бөлім

Білім беруді өлшеу және бағалау: отандық және шетелдік тәжірибе