Рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының ҚР жалпы білім беру жүйесіне ендірілуін құрылымдық- функционалды талдау. Структурно-функциональный анализ внедрения программы духовно-нравственного образования в систему образования Республики Казахстан.

Авторы

  • B. А. Аrinova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Ключевые слова:

рухани- адамгершілік білім, қайырымдылық қоры, өзін-өзі тану, жалпыадамзаттық құндылықтар, ізгілік, адамның үйлесімді дамуы, духовно-нравственное воспитание, самопознание, общечеловеческие ценности, развитие человеческого капитала,

Аннотация

Мақалада «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесіне ендірілуі құрылымдық-фунционалды түрде талданады. Аталған мәселені талдау «Бөбек » қорының құрылған кезінен бастап, осы уақытқа дейінгі кезеңдерді қамтиды. «Бөбек» қайырымдылық қорының қалыптасуы мен дамуы үш кезеңге, яғни бірінші кезең 1992-2000 жылдар, екінші кезең 2000-2010 жылдар аралығы және бүгінгі күнге дейінгі кезең деп бөліп қарастырылады. Автор мектеп жасына дейінгі сәбилердің әлеуметтiк жағынан қорғалуына, олардың сүйіспеншілікте, қамқорлықта тәрбиеленуiне көмектесу мақсатында дүниеге келген «Бөбек »» қорының атқарған қызметін жан-жақты талдап, қордың дамуының алғашқы кезеңінде атқарылған жұмыстарда қоғамдағы әлеуметтік дерттің алдын алуға, денсаулығы нашар балаларды сауықтыруға, жетім балаларға қамқорлық көрсетуге көбірек мән берілгендігін баса көрсетеді. Мақалада «Бөбек» қорының келесі бір бағыты ретінде «өзін-өзі тану » рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымдық ерекшеліктеріне сипаттама беріледі.Осы кезеңде қордың атауы өзгеріп, оның «Бөбек » ҰҒПББСО айналуы сөз болады. «Өзін-өзі тану » пәнінің жалпы білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде эксперименттік байқаудан өтуі және міндетті пән ретінде ендірілуіне жасалған құрылымдық талдауларда аталған пәннің заман талабынан туындаған қажеттілік екендігі дәлелденеді. Сонымен қатар, «Өзін-өзі тану » пәнінің еліміздің білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне ендірілуіне байланысты жоғары оқу орындарында жаңа мамандықтың ашылып, өзін-өзі тану мұғалімдерін дайындау мәселесінің қолға алынғаны туралы да айтылады. В статье приводится структурно-функциональный анализ внедрения образовательных программ предмета «Самопознание» государственной программы духовно-нравственного образования в систему образования Республики Казахстан. Анализ проблемы охватывает период с момента создания Фонда «Бөбек» и до сегодняшнего времени. Рассмотрено формирование благотворительного Фонда «Бөбек» и периоды его развития: первый период – 1992-2000 годы, второй период – 2000- 2010 годы, третий период – 2010- по настоящее время. Автор анализирует деятельность благотворительного Фонда «Бөбек», оторый был создан в целях обеспечения социальной защиты детей дошкольного возраста, их воспитания и полноценного развития, а также почеркивает значимость деятельности фонда в самом начале его развития. С самого начала работы фонда особое внимание уделялось защите и развитию детей–сирот, улучшению их здровья и профиликтики социальных отклонений адаптации детей в обществе. В статье дается характеристика содержанию и структруным собеностям программы духовно- нравственного образования «Самопознание» как одно из направлений работы Фонда «Бөбек». На сегодшний день название фонда переименовано в ННПООЦ «Бөбек». В экспериментальном виде курс «Самопознание» прошел все уровни апробации и внедрения в общеобразовательную школу. Практика показала, что, необходимо было внедрение данной дисциплины как одной из обязательных дисциплин в систему образования. В статье рассматрен вопрос внедрения курса «Самопознания» во все уровни системы образования, что создало необходимость открытия новой специальности и подготовки будущих учителей «Самопознание» в нашей стране.

Библиографические ссылки

1 Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы // Егемен Қазақстан. – 15 тамыз. – 2007. – 5-8 бб.
2 Назарбаева С.А. Келешек кемел болсын // Халық кеңесі. – 6 наурыз. – 1993.
3 «Отбасы типтес балалар деревнялары және жасөспiрiм үйлерi» туралы Заң //Егемен Қазақстан. – 12.12. 2000. – №321.
4 «Жеке бастың тәрбиесі және оны үндестіре дамыту» атты Республикалық семинар-кеңес материалдары. – Алматы,9 наурыз, 2000.
5 Өзін-өзі тану.Қазақстан Республикасы Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.: «Бөбек»ҰҒПББСО. –Алматы, 2006.
6 Әрінова Б.А. Жоғары білім беру жүйесіндегі «Өзін-өзі тану» оқу курсының гуманитарлық пәндер аясындағы интегративтік сипаты // Жоғары мектеп. – 2012. – №5. – 246-251-б.

Как цитировать

Аrinova B. А. (2016). Рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының ҚР жалпы білім беру жүйесіне ендірілуін құрылымдық- функционалды талдау. Структурно-функциональный анализ внедрения программы духовно-нравственного образования в систему образования Республики Казахстан. Вестник КазНУ. Серия педагогическая, 42(2). извлечено от https://bulletin-pedagogic-sc.kaznu.kz/index.php/1-ped/article/view/59

Выпуск

Раздел

История. Методология современного образования..