Журнал туралы

 «ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар  сериясы» журналы 1992 жылы құрылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналдың құрылтайшысы және баспагері болып табылады. Журналдың қалыптасқан және бекітілген ЖОО  көрсетілген мұқаба мен  титулдық беттер, шығарылым деректерi, ISSN, eISSN, редакция алқасы, редакциялық саясат, жариялану этикасы және веб-сайт көрсетілген.        

         Журнал жылына 4 рет шығады.  
          Журналдағы мақала CrossRef ДБ тіркеледі және әр авторлық мақалаға DOI –объектінің сандық идентификаторы тағайындалады, ол дәйексөз келтіруді, сілтеме және электронды құжаттарға шығуды қамтамасыз етеді.
         Журнал Қазақстандық дәйексөз келтіру базасы Ұлттық Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы (ҰМҒТСО) АҚ индекстеледі.
         Журнал сонымен қатар elibrary.ru Ғылыми электронды кітапханасында оқырмандарға ашық қолжетімділікте және «Ғылыми дәйексөздеудің Ресейлік индексінің»  (РИНЦ) сараптамалық базасына енгізілген.
         Журналдың редакция алқасы мүшелігіне  жетекші қазақстандық және шетел ғалымдары ұсынылған.       
         Журнал ақпараттық ашықтық және авторлар жарияланымдарының  толық қолжетімділігі саясатын ұстанады, мақалалар үш тілде сайтында жарияланады.

Журналдың мақсаттары мен міндеттері

         Журналдың мақсаты -  білім беру және педагогика, философия және білім беру, білім берудің әлеуметтану және психологиясы, білім беруді басқару және экономикасы саласында ғылыми зерттеулер нәтижелерін  жариялау және талқылау, қазақстандық ғылым мен білім берудің даму деңгейі мен сапасын арттыру және жетілдіру, әлемдік білім беру қауымдастығында қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінің көрсетілуі. Бұл тұрғыда журнал білім беру саласындағы зерттеулер нәтижесін әр түрлі әлеуметтік, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары тарапынан көрсетуде интеграциялық сипатқа ие: педагогика және психология, әлеуметтану және философия, экономика және менеджмент, дидактика және ғылыми пәндерді оқытудың әдістері, әлемдік және отандық білім беру және тәрбие беру саласындағы әр түрлі ғылыми тәсілдерді зерттеу.
         Журнал білім беру саласындағы заманауи реформаларды мектепке дейінгі, мектеп, жоғары оқу орнындағы және жоғары оқудан кейінгі, университет ғалымдары мен мектеп мұғалімдерінің, білім беру саласындағы психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің, экономистер мен философтардың, дәрігерлердің, ғылыми-білім беру ынтымақтастығы мүмкіндігін жүзеге асыру, озат ғылыми зерттеулер нәтижелерін қарастыру, отандық және шетел ғалымдарының ынтымақтастыңын көрсетуді ғылыми тұрғыда талқылайтын алаңды  құрайды.    
         Журналда жарияланудың  артықшылығы – ғылыми жаңалық, ғылымның қарқындылығы, мақалаларды таңдаудың жоғарғы деңгейі - мақалалардың бірегейлігі және тәуелсіз сарапшылардың сараптамасы, білім беру мәселелерін қарастырудың пәнаралық сипаты.     

Журналдың міндеттері:

  • Қазақстанның әр аймақтарында және шетелде жүргізілетін білім беру және педагогика саласындағы фундаменталды, қолданбалы, инновациялық жаңа ғылыми зерттеулер нәтижесін үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қарастыру;
  • Халықаралық және отандық ғалымдар тобының ғылыми зерттеулер нәтижелерін талқылау және қолжетімділігі – педагогтар, психологтар, әлеуметтанушылар, мұғалімдер, практиктердің ынтымақтастығы мен коллаборациясы;
  • Отандық және шетел білім беру ғылымының психо-педагогикалық тәсілдерінің интеграциясы, зерттеу нәтижелерінің сандық және сапалық маңызының күрделі дизайнын көрсету;
  • Журналдың әлемдік, халықаралық журналдар мен мақалалар деректер базасына енуі арқылы қазақстандық және шетел авторларының ғылыми зерттеулерінің нәтижелерінің көрсетілуі;
  • Қазақстандық педагогикалық ғылымының, ғылыми мектептерінің әлемдік жетістіктерге алға жылжыту және жарнамасы;
  • Жас ғалымдар – Phd докторанттардың ғылыми зерттеу нәтижелерін талқылауға ашық және қолжетімді орта қалыптастыру;
  • Ағылшын тіліндегі мақалалар үлесінің - 20-30% дейін және т.б. біртіндеп өсіру .

Журналдың тақырып бағыттары

   Журнал материалдары білім беруді дамыту және педагогика саласындағы кең ауқымды мәселелерді -  ғылымии шолулар, білім берудің әдістемесі мен тарихын зерттеу бойынша теориялық және қолданбалы зерттеу нәтижелерін, білім берудің әлеуметтік және психологиялық сұрақтарын, мамандардың кәсіби даярлығын, салыстырмалы педагогика, инклюзивті білім беру, тәрбиелеу әдістемесі мен пәндерді оқытудың әдістемесін, электронды оқыту мен дистанционды білім беру және т.б.  қарастырады.         Мақалалар педагогика мен білім беру мәселелері бойынша келесідей бөлімдерде жарияланады:

  • Тарих. Заманауи білім беру әдіснамасы.
  • Мамандарды даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері.
  • Психологиялық-педагогикалық зерттеулер.
  • Электронды оқыту мен дистанционды білім беру.
  • Салыстырмалы білім беру.
  • Білім беру менеджменті.
  • ЖОО инновациялық дамуы.
  • Инклюзивті білім беру.
  • Білім беруді өлшеу және бағалау: отандық және шетелдік тәжірибе.
  • Тәрбие жұмысының әдістемесі мен теориясы.
  • Пәндерді оқытудың әдістемесі.
    Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы өзекті бағыттарға жатады:
  • Қоғамдағы жүйелік өзгерістер шартындағы жастарды тәрбиелеудің этнопедогогикалық негіздері.
  • Педагогика мен білім берудің философиясы мен әдіснамасы. Педагогика теориялары парадигмаларының ауысымы.
  • Ұлы ойшылардың педагогикалық концепциялары (Әл-Фараби, Абай Құнанбаев және т.б.) және олардың білім берудегі жетістіктерге жетуінің әлеуеті.
  • Полимәдениеттік және мультимәдениеттік білім беру кеңістігі.
  • Білім беру сапасын халықаралық зерттеу.
  • Оқушылардың академиялық және функционалды сауаттылығы.
  • Орта және жоғары мектебі дидактикасының жаңа инновациялық жетістіктері.
  • Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың жүйесін құру: отандық және шетелдік тәжірибе.
  • Қазақ мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму эволюциясы. Қазақстан аумағындағы бірегей мектептер.   

 

* Журналда жариялауға мақұлданған қолжазбаның авторлары vмақаланы жариялау үшін бекітілген төлем құжатына сәйкес басылым үшін ақы төлеуге міндетті. Бағалардың бекітілген құжатына сәйкес мақала жариялау үшін мақаланың әрбір бетіне 2000 теңгеден толенеді.  Ерекше жағдайларда, журнал сериясын қаржыландырудың басқа көздері болған жағдайда, авторлар мақаланы жариялағаны үшін төлемнен толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

Автор төлем жасағаннан кейін PDF форматында  төлем туралы түбіртекті журнал редакциясының электронды мекен-жайына жібереді.