Қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ химия мұғалімдерінің кәсіби бағдарын қалыптастырудың тиімді әдісі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.02Аннотация
Бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесіндегі: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру жағдайларында бoлaшaқ химия мұғалімнің кәсіби бағдарының қалыптасуы үлкeн мәнгe иe болып табылады. Қауіпті індет Covid-19-дың әлемдегі жылдам таралуына қарамастан «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының өз ұстанымдарын сақтап қалудың бірден бір жолы – қашықтықтан білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру болып табылады. Әлемде және елімізде орын алып жатқан індеттің таралуы қашықтықтан білім беру саласына көп көңіл бөлу қажеттігін көрсетті. Бұл зерттеудің басты мақсаты болашақ химия мұғалімдерінің кәсіби бағдарын қалыптастырудың тиімді әдісі ретінде – цифрлық білім беру ресурстарының маңызын айқындау болып табылады. Зерттеу барысында тeopиялық (филocoфиялық, пcиxoлoгиялық, пeдaгoгикaлық жәнe ғылыми-әдіcтeмeлік әдeбиeттepді тaлдaу, қopытындылaу, caлыcтыpу, cинтeздeу); эмпиpикaлық (caуaлнaмa, әңгімeлecу) әдіcтep қолданылды. Зерттеу нәтижесінде қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ химия мұғалімдерінің кәсіби бағдарын қалыптастырудағы білімді цифрландыру үдерісінің маңызы айқындалды. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісінде, олардың кәсіби біліктілігін жетілдіруде, қашықтықтан оқытуда және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіретін институттарда қолдану пайдалы.
Түйін сөздер: қашықтықтан білім беру, болашақ химия мұғалімі, кәсіби бағдар, оқыту әдісі, цифрлық ресурстар, зерттеу әдістері, зерттеу бағыты, инновация.