Эмоционалды интеллект цифрландыру және инклюзивті білім беру жағдайында бүгінгі мұғалімдердің кәсіби қызметке дайындығының негізгі көрсеткіші ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.04Аннотация
Мақала бүгінгі күннің өзекті тақырыбы – мұғалімнің кәсіби қызметінде маңызды рөл атқаратын эмоционалды зияткерлікті дамыту қажеттілігіне арналған. Зерттеу жұмысында басты назар дамыған эмоционалды интеллект инклюзивті білім беру жағдайында педагогтың кәсіби қызметінде психологиялық дайындық мәселесін шешуге ғана емес, сонымен бірге цифрлық білім беру ресурстарының дидактикалық мүмкіндіктерін игерудегі кедергілерді жеңуге, қазіргі ерекше қарқынмен тез дамып келе жатқан заманауи цифрлық ортаға кедергісіз бейімделуге көмектесетіндігіне аударылып, толық баяндалған.
Авторлар мұқият шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулерін талдау негізінде эмоционалды интеллектінің ерекшелігі мен маңыздылығын баса көрсете отырып, цифрландыру және инклюзивті білім беру жағдайында педагогтардың кәсіби қызметке дайындығының негізгі көрсеткіші ретінде оның ролін негіздеген.
Эксперименттік жұмыс негізінде жоғары дамыған эмоционалды интеллекті туындаған жүктемелерге (шамадан тыс эмоционалды жүктемелерге) барабар жауап беруге, сондай-ақ оны түзету, алдын алуға мүмкіндік беретіндігі анықталған. Эмоционалды жану синдромын анықтауға арналған және Н. Холлдың эмоционалды интеллект деңгейін анықтау диагностикалары қолданылып, сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған әдістер, инновациялық технологиялар мен бағдарламаларды қолдану негізінде эмоционалды интеллектіні дамыту мүмкіндігі қарастырылған. Зерттеудің практикалық бөліміне Қазақстаннан 225 мұғалім қатысты.
Түйін сөздер: эмоционалды интеллект, заманауи педагог, дайындық, кәсіби қызмет, цифрландыру, инклюзивті білім беру.