Оқыту процесін ұйымдастыруда цифрлық білім беру технологияларының тиімділігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.08
        352 421

Аннотация

Сапалы білім – табысты болашақтың кепілі. Қазіргі кезде білім сапасын арттыруда цифрлық технологияларды қолданудың маңыздылығы өте жоғары. Оны қолдану және одан нәтиже шығару әрбір мұғалімнің кәсіби білімі, білігі және дағдысына тікелей байланысты.
Зерттеу жұмысының мақсаты: мұғалімдердің цифрлық білім беру технологияларын қолдану біліктілігін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеп, оның тиімділігін тексеру.
«Цифрлық білім беру», «Цифрлық білім беру технологиялары» ұғымдарының мәні мен мазмұны нақтыланды; цифрлық білім беру технологиялары бойынша мұғалімдер арасында сауалнама жүргізілді; әрбір мұғалімге сабақты нәтижелі, түсінікті және қызықты етіп өткізуге арналған көмекші сервистер Videoscribe, Padlet, Pixton, Flippity, Socrative, Hot potatoes, No Hands, Quizizz, ClassDojo, Learnis, Tilda Publishing туралы ақпарат берілді; қосымша көмекші сайт жасалды. Жаңа технологиялардың көз ілестірмейтін даму қарқынына сәйкес, бұл сайт уақыт өткен сайын жаңарып, жаңа ақпараттармен толықтырылып отыратын болады. Цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша 50 мұғалімге сауалнама жүргізілді. Мұғалімдердің кеңінен қолданатын қызметтері: Kahoot – 82,5%; Прези – 66,7%; Викторина – 65%; Бандикам – 65%; Қолданбаларды оқыту – 64,1%.
ХХІ ғасырдағы білім беру стратегиясын жүзеге асыру негізінде, «Ғұмыр бойы оқып үйрену» қағидасын ұстана отырып, цифрлық білімнің заман талабы екендігін ескеріп, ақпараттандыру ғасырынан қалыс қалмай, өз білім, білік, дағдымызды қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман болуға барынша жағдай жасауымыз керек.
Түйін сөздер: цифрландыру, цифрлық білім беру технологиялары.

Жүктелулер

Как цитировать

Kataev, N., & Yerkinkyzy, A. (2021). Оқыту процесін ұйымдастыруда цифрлық білім беру технологияларының тиімділігі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 67(2), 71–80. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.08

Шығарылым

Бөлім

Электронды оқыту мен дистанционды білім беру