Студенттердің оқу үлгерімін бағалау рәсімін және тестік инструментарийді анықтаудың қазіргі тұғырлары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.09
        81 65

Аннотация

Авторлар мақалада жоғары оқу орындарындағы білім сапасын қамтамасыздандырудың маңызды бағыттарының контексіндегі оқу нәтижелерін бағалау жүйесін модернизациялаудың мәнді сипаттамасын береді. Мақала шолу сипатында жазылған. Оқытушылардың студенттерді бағалаудағы құзыреттілік талаптарына басты назар аударылады. Оқытушының бағалау құзыреттілігі – қазіргі педагогикалық және психологиялық өлшемдердің тұжырымдамаларына байланысты педагогтің жобалау және бағалау инструментарийін меңгеруіне, сол сияқты өзін-өзі бағалау және студенттердің өзара бірін-бірі бағалау үдерісін ұйымдастыра алуына байланысты болатын көлемді ұғым. Сонымен қатар студенттердің табыстылығын бағалау ерекшеліктері ашылып, бақылау өткізудің жүйелілігі және сол үдерістегі оқытушының рөлі анықталған. Мақалада білім беру стандарттарына сәйкес тұлғаның оқу жетістіктерін бағалаудың екі тұғыры ашылған: (1) оқу жетістіктерінің минималды деңгейін немесе минималды қажетті құзыреттіліктерді бағалау; (2) оқу жетістіктерін құзыреттіліктердің бірнеше деңгейіне бөліп көрсету.

Материалдарда тестілеуді дамытудың ерекшеліктері, теориялық тұғырлар, негізгі терминдер, сапа түсінігі мен көрсеткіштері, тесті қалыптастырудың кезеңдері ұсынылған. Зерттеу соңғы уақытта жазбаша және компьютерлік тестілеуге соншалықты көп назар аударылғандығын көр- сетеді. Жоғары оқу орындары жағдайындағы білім сапасын арттыру мақсатында тапсырмаларды тест түрінде қолдану мәселелері талданған.

Түйін сөздер: бағалау, студенттердің табыстылығын бағалау, бақылау, тестология, тестік бақылау, педагогикалық тапсырма, тест, тестік бақылаудың компьютерлік жүйесі.

Жүктелулер

Как цитировать

Predyk, A., & Huzenko, O. (2021). Студенттердің оқу үлгерімін бағалау рәсімін және тестік инструментарийді анықтаудың қазіргі тұғырлары. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 67(2), 82–88. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.09

Шығарылым

Бөлім

Білім беруді өлшеу және бағалау: отандық және шетелдік тәжірибе