Кәсіпкерлік университеттердің құрылу ерекшелігі және мәні
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.11Аннотация
Берілген мақалада АҚШ-тың және басқа да шетелдік университеттердің Силикон алқабын қалыптастырудағы классикалық үлгісінде кәсіпкерлік университеттердің тәжірибесі мен модельдері талданған, олардың эволюциясы мен генезисінің ұсынымы жасалған. Кәсіпкерлік университет ұғымына анықтама жасалып, негізгі тұжырымдары көрсетілген.Кәсіпкерлік жоғары оқу орындарының негізгі дамуындағы университеттердің билікпен өзара әрекет пен ынтымақтастықта білім беру идеясы және университеттердің бизнеспен ынтымақтастығы есебінен кейінгі технологиялар трансфері жатқан «үштік спираль» моделі қарастырылған болатын. Зерттеу университеттерінің үштік спираль моделін (университет-билік- бизнес) қалыптастырудағы орны, сондай-ақ олардың осы нәтижелерді іс жүзінде өндірістік қызметте қолдануда жүзеге асырылатын бағыттардың жоғары технологиялық өндірістер мен қолданбалы зерттеулерді дамытудағы рөлі де анықталған.
Сол себептен, аталмыш мақалада жаңа әзірлемелер мен негізгі технологияларды жасау және енгізу саласында бизнесті қамту құралы болып табылатын зерттеу университеттерінің инновациялық жүйесінде ерекше рөлі аталып көрсетілген.
«Университет-кәсіпорын» және «мемлекет-университет» екі жақты қатынастарының «Университет», «билік», «бизнес» үштік спираль қатынастарына біртіндеп ауысуы қарастырылған. Сондай-ақ, Ресей Федерациясындағы және Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік
университеттердің даму мен іс жүзіндегі тәжірибесі көрсетіліп, зерделенген.
Түйін сөздер: «үштік спираль», кәсіпкерлік университет, технологиялар трансфері, университеттердің экожүйесі, кәсіпкерлік білім беру.
Жүктелулер
Как цитировать
Aubakirova, S., Abdikakimov, M., Kozhamzharova, M., Artykbaeva, G., & Iskakova, Z. (2021). Кәсіпкерлік университеттердің құрылу ерекшелігі және мәні. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 67(2), 98–109. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.11
Шығарылым
Бөлім
Білім беру менеджменті