Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін онлайн оқытуда қолданылатын бағдарламалардың ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.16
        81 64

Аннотация

Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқыту тарихында қолданылатын әдіс-тәсілдердің барлығы техникалық құрал-жабдықтарға байланысты болды. Кейіннен оларға қоса, жаңаша түрлі инновациялық технологиялар пайда болды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ағылшын тілі сабақтарында түрлі оқу платформаларын қолдану тәжірибесі әлдеқашан қалыптасқан. Алайда, әлемде қалыптасқан короновирус пандемиясына байланысты мәжбүрлі онлайн оқыту оқытушылардың алдына басқаша мәселе қойып, басқа көптеген тың білім мен біліктіліктерді игеруге себеп болды. Аз уақыт ішінде онлайн оқытудың қыр-сырын меңгеріп, сабақтың сапасы мен студенттің пәнге қызығушылығын нашарлатып алмау керек болды. Сондықтан оқытушылар университет ұйымдастырған және республикалық, халықаралық семинарларға қатысты. Онлайн оқыту барысында түрлі бағдарламаларды қолдану оқытушының әдіс-тәсілдеріне ықпал етіп, сабақтың сапасын арттырады. Ұсынылып отырған мақалада оқытушылардың қолданып жүрген онлайн платформаларын талдап, олардың тиімділігі мен артықшылықтары, кемшіліктері талқыланады. Сонымен қатар, «қашықтықтан оқыту», «онлайн оқыту», «онлайн платформалар» ұғымдары айқындалды. Л. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары арасында сауалнама жүргізілді. Өткізілген сауалнама нәтижелері университет оқытушыларының онлайн платформаларды қаншалықты сауатты қолдана алатындығын және оларды таңдауда қандай параметрлерге назар аударатындықтарын көрсетті.
Түйін сөздер: онлайн оқыту, қашықтықтан оқыту, оқыту бағдарламалары, ағылшын тілін оқыту, бағдарлама параметрлері.

Жүктелулер

Как цитировать

Mukhtarkhanova, A. (2021). Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін онлайн оқытуда қолданылатын бағдарламалардың ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 67(2), 148–155. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.16

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы