Қалыптастырушы бағалау технологиясы негізінде шет тілін жазу дағдыларын қалыптастыру (В1 деңгейі)

Авторлар

  • S Arystanbek Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ http://orcid.org/0000-0001-9374-9667

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.17
        156 131

Аннотация

Ұсынылып отырған мақалада білім алушыларда шет тілін жазу дағдыларын В1 деңгейінде қалыптастыру ерекшеліктері қарастырылды. Жазу адамзат баласының дыбыстық сөйлеу негізінде, әр елдің мәдениеті мен дәстүрінің айнасы ретінде, тұлғаның білім мен жинақталған тәжірибесінде пайда болды. Ол шетелдік оқытуда маңызды рөл атқарады. Бұл мақалада Шет тілін жазу дағдыларын меңгертудің тәсілі ретінде қалыптастырушы бағалау технологиясының тиімділігі сараланады. Шет тілін оқытуда маңызды болып саналатын – жазу дағдысының алатын рөлі және оның ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, мақалада оқу мен оқытуды жетілдірудің тетігі – қалыптастырушы бағалаудың оқу үдерісіндегі маңыздылығы көрсетілген және қалыптастырушы бағалау технологияларының түрлері, оны қолдану әдістері қарастырылды. Күнделікті сабақта оқушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қолданылатын қалыптастырушы бағалаудың негізгі мақсаты мен компоненттері көрсетілген. Қалыптастырушы бағалау технологиясы негізінде оқушыларды бағалауда бағалау критерийлері және параметрлер пайдаланылады, бағалаудың әртүрлі нысандарын қолдануға болады: өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, топтар арасындағы бағалау. Зерттеу нәтижесі бойынша шет тілін жазу дағдыларын жақсартуға қалыптастырушы бағалауды қолданудың әсері анықталып және соның аясында қолданылған түрлі әдіс-тәсілдердің тиімділігі анықталды.
Түйін сөздер: тіл, жазу дағдысы, шет тілі, қалыптастырушы бағалау, технология, хат, сөйлеу, деңгей, ереже.

Жүктелулер

Как цитировать

Arystanbek, S. (2021). Қалыптастырушы бағалау технологиясы негізінде шет тілін жазу дағдыларын қалыптастыру (В1 деңгейі). ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 67(2), 156–164. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.17

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы