Қазақстандағы жоғары білім зерттеулерін интернационалдандыру: әлеуметтік ғылымдардағы зерттеу этикасын дамыту кейсі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v69.i4.02
        197 0

Аннотация

Мақала Қазақстандағы зерттеу этикасының қалыптасуына арналған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері білім беруді реформалауда айтарлықтай жетістіктерге жетіп, интернационалдандыру мен жаһандану жағдайында білім өндіруде халықаралық бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуда. Сондықтан халықаралық тәжірибе мен ұлттық-мәдени контекстті ескере отырып, білім беру саласындағы зерттеулерге қатысты саясатты бейімдеу қажет. Мақалада соңғы 10 жылдағы ғылыми зерттеулерді интернационалдандыру бағыттары көрсетілген. Көптеген дереккөздерді жан-жақты талдау Қазақстандағы ғылыми-зерттеу этикасының қалыптасу жолындағы әлеуметтік ғылымдар мен білім беру зерттеулерінің сапалы әдістерінің даму деңгейінің әлсіздігімен байланысты проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ қазақстандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға мүмкіндігі бар зерттеу этикасы стандарттарын ілгерілету нұсқаларын көрсетуге мүмкіндік берді. Қорытындыда зерттеу этикасы бойынша ұлттық пікірталас жүргізу, этикалық сараптамаға оқыту және институционалдық этика комитеттерін құру қажет деген қорытынды жасалады. Сонымен қатар, батыстық стандарттармен үйлесімді ұлттық-мәдени контекстті ескере отырып, ғылыми зерттеулердің ұлттық этикалық кодексінің стратегиясын аяқтау маңызды.

Авторлар зерттеуді “№021220CRP0922- Орталық Азиядағы әлеуметтік ғылымдар саласындағы зерттеулердің мәдени маңызды этикасын бірлесіп құру: жергілікті және жаһандық ықпалдардың делдалдығы”  грантымен қаржыландыруына байланысты Назарбаев Университетіне ризашылықтарын білдіреді.

Түйін сөздер: интернационализация, зерттеу этикасы, білім беру, жоғарғы білім

Жүктелулер

Как цитировать

Ibrasheva, A., Rakisheva, A., Sharplin, E., & Ramazanova, M. (2021). Қазақстандағы жоғары білім зерттеулерін интернационалдандыру: әлеуметтік ғылымдардағы зерттеу этикасын дамыту кейсі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 69(4), 16–27. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v69.i4.02

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер