Физиканы оқыту мақсаттарын жүзеге асырудағы ғылым белгілері формасының рөлі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.09Аннотация
Мақалада физиканы оқыту әдістемесінде пәнаралық байланыстарды, дидактикалық бірліктерді ірілендіру әдістерін және физика мұғалімінің кәсіби дайындығында ұқсастықтарды қолдануға арналған. Пәнаралық байланыстар физиканың әр түрлі бөлімдеріндегі заңдар мен формулаларды талдау, сонымен қатар әр түрлі есептер жағдайын талдау негізінде қарастырылады. Зерттеу барысында әр түрлі физикалық құбылыстарды анықтайтын табиғат заңдарының бірлігін анықтаудағы белгілік-символдық форманың рөліне ерекше назар аударылады. П. М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерін ірілендіру әдісі әртүрлі физикалық құбылыстарды біріктіруге және олардың заңдарының ортақтығын анықтауға мүмкіндік береді. Білім алушылардың назары берілген кесте бойынша физикалық шамалардың аналитикалық байланысын анықтау біліміне аударылады. Физиканың мазмұнында біртекті элементтерді параллель немесе тізбектей қосу жағдайларын қарастырудың маңызы зор. Соған конденсаторлардың серіппелері, резисторлар, индуктивтілік катушкалары, ток көздері жатқызуға болады екен. Бірыңғай дидактикалық бірліктегі мұндай қосылыстарды талдау физикалық обьектілердің түрлі сипаттамаларының рөлін көруге, олардың арасындағы ұқсастықтарды табуға және сипаттамалардың тізбектелген қосылу заңы басқа сипаттамалардың параллельді қосылу заңына неге сәйкес келетінін ойлауға мүмкіндік береді. Физикалық құбылыстар мазмұнының таңбалы түрін толық талдауға назар аудару оқыту пәнін терең меңгеруге ықпал етеді.
Әзірленген оқыту әдістемесі физика мен математиканың пәнаралық байланыстар, дидактикалық бірліктерді ірілендіру, физиканы оқытудың көрнекілігін пайдалана отырып физика мен математика заңдарындағы заңдылықтар мен ұқсастықтарды символдық түрде көрсету сияқты өзіне үш дидактикалық принципті біріктірді. Оқушылар мен студенттер үшін визуалды көрнекілікті көрсету қағидаты цифрлық буынның заманауи ойлауымен өзектендірілген. Зерттеудің практикалық бөлімінде еліміздің мектептерінен 56 физика пәнінің мұғалімдері қатысты. Олардың 66,1% - ы сурет түріндегі шарттары бар есептерді сабақ барысында белсенді қолданамыз десе, 30,4%-ы - сирек пайдаланымыз деп белгіледі; бағалау бойынша іріктеме мұғалімдерінің 55,4% - ы оқушылар шарттарды графикалық ұсынумен және графикалық жауаптарды талап ететін есептерді шешуде жиі қиындықтарға тап болатыны анықталды; мұғалімдердің 78,6% - ы физика мен математиканың пәнаралық байланыстарына назар аударады. Сауалнама нәтижелері осы оқыту әдістемесін әзірлеудің өзектілігін көрсетеді.
Түйін сөздер: физикалық ғылым; математикалық аппарат; физикалық мазмұнының белгі формасы; есептік жағдаят, аналитикалық және графикалық әдістер; функционалдық тәуелділік; кедергі; электр қабылдағыш; тізбектей және параллель қосылыстар; есептік жағдаят.