Жиырма бірінші ғасырдағы білім беру жүйесінің дамуына ойлау мен іс-әрекет әдіснамасының ықпалы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.01Аннотация
Мақалада жүйелі ойлау іс-әрекеті әдіснамасын ашып көрсететін «ойлау», «іс-әрекет», «ойлау мен іс-әрекет теориясы», «ғылыми ойлау», «іс-әрекеттің құрылымы», «іс-әрекетттің формасы», «оқу әрекеті», «еңбек әрекеті», «зерттеу әрекеті»терминдерге талдау жасалды. Зерттеудің мақсаты мен әдістері нақтыланды. Психологиялық-педагогикалық, философиялық әдебиеттерге шолу жасалынды. Әлемнің екініші ұстазы, ұлы ойшылӘл Насыр Фараби ойлау туралы тұжырымдары беріліп, әлем философтарының ой-тұжырымдары талқыланды. Әйгілі ресей психолог ғалымдарының А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Б.Г.Ананьев еңбектеріндегі қарастырған ойлау мен іс-әрекеттеориясына талдау жасалды. Ойлау мен іс-әрекет теориясын адам психикасы мен мінез-құлқысымен байланыстары отырып, белгілі психолог Л.С. Выготский ойлау әрекетіне берген пайымдаулары ұсынылды. Ойлау әрекетінің әдіснамасын тұжырымдаған белгілі ғалым Г.П.Щедровицкийдің прагматикалық тұғырды жетілдіруде ғылыми ойлау, жүйелі ойлау әдіснамалық бағыты басшылыққа алынды.«Жүйе» ұғымына толыққанды түсінік беріліп, білім алушылар меңгеретін сыни ойлау, шығармашылықпен еңбек ету, зерттеу іс-әрекетін дамыту үшін арнайы ұйымдастырылған әрекеттер қатары талданды.
Нәтижелерді қорытындылауда ойлау іс-әрекетінің жүйесі ғылыми әдіснамалық зерттеудің маңызды құралы ретінде білім алушының оқу, еңбек, зерттеу іс-әрекетттері сызба берілген. Күтілетін нәтижелер қатарындажүйелік зерттеулердің логикасы мен әдіснамасын ғылыми зерттеулердегі жүйелі талдауғабаса назар аударылды.Білім алушылардың ғылым әдіснамасы туралы түсінігінің жүйелі ойлау іс-әрекетінің қалыптасуына септігін тизетін міндетті пән мазмұны мен оқыту нәтижелері ұсынылды.
«Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» пәнініңнегізгі мақсатын жүзеге асыруда оқулықтың құрылымы, күтілетін нәтижелері және білім алушылардың жетістіктерінің көрсеткіштері берілген.
Түйінді сөздер:іс-әрекет,ойлау мен іс-әрекет теориясы, жүйелі ойлау, адам психикасы,оқу іс-әрекеті, еңбек ету іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті,таным әрекеті, мағыналық құрылым, тұлғалық міндеттер, талдау мен топтау әрекеті, жүйелік зертеулер, әдіснамалық ойлау,инновациялық әлеует.