Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қайта құру жағдайында дене шынықтыру және спорт саласы кадрларын даярлау бойында жіктеуішті білім беру бағдарламаларын жаңарту

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.03
        102 88

Аннотация

Мақалада, бір жағынан, Қазақстандағы жоғары білімнің еуропалық білім кеңістігіне интеграциялануы, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің Лиссабон конвенциясы мен Болон декларациясының ережелеріне бейімделуі мен бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау арасындағы қайшылықтар, екінші жағынан, 2018 жылы Қазақстан Республикасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау және дене шынықтыру мен спорт саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша бағыттар жіктеуішіндегі қолданыстағы әдістемелік және практикалық шектеулер мен кемшіліктер қарастырылады. Бұл мақаланың мақсаты – нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік құжаттамаға негізделген мәліметтер мен шетелдік тәжірибені талдау, жалпылау және жүйелеу және біздің елімізде дене шынықтыру мен спорт саласындағы кадрларды даярлау жүйесін жетілдірудің ықтимал шешімдерін іздеу. Мақалада басқа ғылым салаларынан кадрлар даярлау мысалдары келтірілген. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы реестрдің қолданыстағы білім беру бағдарламаларына қысқаша талдау жасалған. Осы мақаланың теориялық дәлелдері дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлаудың қазақстандық классификаторын кеңейтуге және жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау жүйесі мен еңбек нарығының арасындағы алшақтықты жоюға негіз болады. Түйін сөздер: жоғары білім, білім беру бағдарламалары, дене шынықтыру, бағыттары, жіктеуіші, кадрларды даярлау.

Жүктелулер

Как цитировать

Krugovykh, I., Ongarbaeva, D., Saykina, E., & Madiyeva, G. (2021). Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қайта құру жағдайында дене шынықтыру және спорт саласы кадрларын даярлау бойында жіктеуішті білім беру бағдарламаларын жаңарту. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 68(3), 31–39. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.03

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер