Жүзуде спорт резервін даярлау саласындағы шетелдік зерттеулерге талдамалық шолу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.05
        95 86

Аннотация

Мақалада жүзуден спорттық резервті дайындау саласындағы жүзу теориясы мен әдістемесінің, биомеханиканың, физиологияның әртүрлі салаларын зерттеуге негізделген спорттың осы түріндегі проблемаларды айқындауға арналған өзекті мәселелерге талдау жасалынды; жекелей технологиялардың құрылымы мен мазмұны қарастырылған. Зерттеу мақсаты — зерттеу тақырыбы ауқымында USRPT әдісінің нәтиежелілігіне әсері бойынша шетелдік авторлардың ғылыми-әдістемелік әдебиеттеріне сараптама жүргізу. Зерттеудің өзекті бағыты: авторы американдық жаттықтырушы және ғалым Брент Рашал құрастырған жоғары қарқынды кесінді әдісі. Әлемдік қоғамдастықтағы жүзуден жаттықтырушы резервті дайындаудағы кеңес одағы ғалымдары авторлар болып табылатын жалпы қабылданған жаттығу әдістері белсенді түрде қолданылады. Алайда, заманауи жаттықтырушылар дененің медициналық-биологиялық үрдістеріне негізделген жүзушілердің арнайы дене қасиеттерін жоспарлауға және дамытуға аз көңіл бөледі. Жүзушілерді даярлау әдістерін оңтайландыру ғылыми әдебиеттерде жиі талқыланады. Спорттың өзіндік ерекшелігі бойынша жаттығу жүктемелеріне бейімделу көбінесе жаттығу түріне байланысты болады деп болжанады. Сондықтан спорт резервін даярлау үрдісі қуатпен қамтамасыз ету жүйесіне, техникалық дағдыларға және спорт түрінің ерекшелігімен ұсынылатын қозғалыс сапасының ауқымына негізделуі керек. Ұсынылған зерттеуде биоэнергетика заңдарына негізделген арнайы дене қасиеттерін дамытудың заманауи әдісіне талдау жасалған.

Түйін сөздер: жүзу, биоэнергетика, аз көлемді жоғары қарқынды жаттығу әдісі.

Жүктелулер

Как цитировать

Gussakov, I., Yermakhanova, A., & Nurmukhanbetova, D. (2021). Жүзуде спорт резервін даярлау саласындағы шетелдік зерттеулерге талдамалық шолу. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 68(3), 50–60. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.05

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер