ҚР қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтардың цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық және әдістемелік аспектілері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.07
        94 73

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасында қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық және әдістемелік аспектілері анықталып, «құзыреттілік», «цифрлы құзыреттілік», «цифрлы-технологиялық құзыреттілік», «цифрлы-әдістемелік құзыреттілік», «креативтілік», «цифрлы педагогикалық кампус» ұғымдарының мәні ашылады. Мақалада құзыреттілік компоненттерінің мәні жаңаша мазмұнда сипатталады: ұйымдастырушылық қабілеттілік; эмпатияға қабілеттілік; рефлексиялық қабілеттілік. Сондай-ақ, мақалада қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтің цифрлы-технологиялық және цифрлы-әдістемелік құзыреттіліктерінің мазмұны айқындалады. Қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтің цифрлы-технологиялық құзыреттілігі болашақ педагогтің  интернет ресурстары, цифрлы оқыту платформасы, заманауи компьютерлік бағдарламалары, мультимедиалық құрылғылармен жұмыс жасауы дағдысының қалыптасуымен анықталса, ал болашақ педагогтің цифрлы-әдістемелік құзыреттілігі болашақ педагогтің электронды портфолио, электронды медиатека жасақтай алуымен және педагогикалық коучинг, педагогикалық тренингтер ұйымдастыра алуымен сипатталады. ҚР-да болашақ педагогтердің цифрлы креативті құзыреттіліктерін арттыру бойынша SMARTболашақ педагог цифрлы педагогикалық кампус құрамына енетін 8 онлайн-педагогикалық ресурстың мазмұны тереңірек ашылды: SMART-онлайн педагогикалық шеберхана; SMARTонлайн педагогикалық студия; SMART-онлайн педагогикалық электронды кітапхана; SMARTонлайн әдістемелік қоржын (электронды портфолио); SMART-онлайн коучинг; SMART-онлайн коворкинг-орталық; SMART-онлайн виртуалды зертхана және SMART цифрлы контент. Қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың мазмұны ашылып, нобайы ұсынылады. Түйін сөздер: құзыреттілік, цифрлы құзыреттілік, цифрлы-технологиялық құзыреттілік, цифрлы-әдістемелік құзыреттілік, цифрлы педагогикалық кампус.

Жүктелулер

Как цитировать

Buzaubakova, K., & Nurmanaliyeva, U. (2021). ҚР қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтардың цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық және әдістемелік аспектілері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 68(3), 71–82. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.07

Шығарылым

Бөлім

Электронды оқыту мен дистанционды білім беру