Covid-19 пандемиясы кезіндегі жоғары білім сапасы және постковидтік білім берудің перспективалары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.11
        225 147

Аннотация

2020 жылдың басында бүкіл әлемде кеңінен таралған және бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан COVID-19 пандемиясы, жоғары білім беру саласына айтарлықтай әсер етті. Қысқа мерзімде ол дәстүрлі оқыту формасын қашықтан оқыту жүйесіне ауыстыруға мәжбүр етті. Әлемдегі көптеген университеттер бұған – техникалық жағынан да, тұжырымдамалық жағынан да дайын емес еді. Нәтижесінде, онлайн-білім берудің сын-қатері барлық жерде айтылуда. Онымен қоса, оқыту сапасы төмендеп, ковидтік білім берудің жағымсыз салдары өзекті мәселеге айналды. Сонымен бірге, зерттеушілер дамудың жаңа векторларын іздеуге көшті. Пандемия соншалықты әсер етпегенін түсіне отырып, бастарынан өткерген қателіктерді зерттей бастады. Алайда бұл жағдай білім беру жүйесіндегі мәселелерді одан сайын ушықтыра түсті. Осыған байланысты Қазақстанда пандемия кезіндегі жоғары білім сапасын студент жастардың көзімен, олардың жоғары білім беруді реформалау жөніндегі артықшылықтары мен ұсыныстарымен зерделеу мақсатында зерттеу жүргізілді. Осы зерттеу аясында, ҚР әр өңірінен мың студентті қамтыған әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Бұл зерттеу пандемиядан кейінгі жоғары білімнің болашағы туралы түсініктерді толықтыра түспек. Ал нәтижелері жоғары оқу орындарының оқытушыларына, білім саласының философтарына және жоғары білім беру мәселелеріне қызығушылық танытқандарға пайдалы болады. Түйін сөздер: философия, білім, пандемия, жоғары білім беру, білім сапасы, қашықтан білім беру, постковидтік білім.

Жүктелулер

Как цитировать

Ashilova, M., Begalinov, A., & Begalinova, K. (2021). Covid-19 пандемиясы кезіндегі жоғары білім сапасы және постковидтік білім берудің перспективалары. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 68(3), 127–136. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.11

Шығарылым

Бөлім

Білім беруді өлшеу және бағалау: отандық және шетелдік тәжірибе