Қазақстанда ағылшын тілін оқытуда дербес оқытудың артықшылықтары мен маңыздылығы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.16Аннотация
Мақалада Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарты бойынша жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерін жүзеге асыру барысында, ағылшын тілі сабақтарында оқушыны дербес оқытудың артықшылықтары мен маңыздылығы қарастырылады. Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты эмпирикалық әдістер көмегімен орта мектеп оқушыларына ғылыми эксперимент жүргізу арқылы ағылшын тілін оқытуда дербес оқытудың артықшылықтары мен маңыздылығын айқындау. Зерттеудің өзектілігі оның негізгі міндеттері болып табылатын дербес оқыту жүйесінің ағылшын тілі сабақтарында оқушының өзін-өзі реттеуіне, жаңа сөздік қорды тиімді жолдар арқылы жылдам меңгеруіне, ағылшын тілінде еркін сауатты сөйлеуіне, оқушының өзін-өзі басқара отырып жазылым, оқылым дағдыларының шыңдалуына тигізер ықпалы өте жоғары екендігіне эксперименттік талдау жасап көрсету. Зерттеудің негізгі бағыттары орта мектеп оқушыларына эксперименттік талдау жасауға, зерттеу барысында оқушылардың іс-әрекетін бақылауға негізделген. Сонымен қатар, Қазақстанда дербес білім беру ұйымдары болып табылатын «Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің» білім беру жүйесі және жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін қамтиды. Зерттеліп отырған тақырып аясында әлемдік ғалымдардың теориялық, практикалық зерттеулері қарастырылды, соның негізінде Түркістан қаласының жалпы орта мектептерінің бірінде жоғары сынып оқушыларына ашық-жабық сұрақтар, сауалнама, сұхбат алу әдістері арқылы тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Алынған мәліметтер жинақталып, сараланып, аналитикалық талдау жасалды. Нәтижесінде, оқушының әлемдік бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуында дербес оқытудың маңызды екендігі анықталып, зерттеліп отырған жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар жасалды.
Түйін сөздер: дербес оқыту, өзін-өзі басқару, жауапкершілік, смарт мақсат, нәтиже, бәсекеге қабілеттілік.