Орта мектеп оқушыларының ағылшын тілінен сөздік қорын кеңейту әдістері

Авторлар

  • B Kerimbayeva Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-0680-7126
  • B Abzhekenova Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-7347-5811

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.17
        559 344

Аннотация

Бұл мақала орта мектеп оқушыларының ағылшын тілі сабағында сөздік қорын дамыту әдістері мен тәсілдеріне қатысты. Сөздік қорының көп болуы сабақтың тиімділігіне әсер ететін болғандықтан, біз сөздік қорды дамытуға арналған әдістерді талқылауды басты назарға алдық. Мақаланы жазу барысында шетелдік ғалымдар мен қазақстандық ғалымдардың осы бағыттағы еңбектері қарастырылды. Бұл зерттеу жұмысында анализ және синтез әдістері, сондай-ақ, эмперикалық зерттеу ретінде сауалнама қолданылды. Бұл мақаланың мақсаты: а) сабақтың тиімділігіне әсер ететін белсенді әдістерді талдау; б) сөздік қорының маңыздылығын ашу. Осы мақсатқа жету үшін сөздік қорын дамыту әдіс-тәсілдері талқыланды. Алынған нәтижелер орта мектеп оқушыларының ағылшын тілінде сөздік қорын дамыту үшін қолданылады. Сабақ барысында сөздік жұмысын жүргізу оқушылардың тілдік дағдыларын жақсартуға айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан, осы әдістер арқылы оқушылар тек сөздік қорын дамытып қана қоймай, грамматикалық тұрғыдан дұрыс сөйлеуді, жазуды үйренеді және оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, алынған таңдаулы әдістер мұғалімнің шығармашылығын арттырып, сабақтың сапасын жоғарылатады. Бұл дегеніміз – сабақ барысын бірсарынды өткізуден алшақтатып, жаңа технология мен түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып білім алу көрсеткіштерін арттыру болып табылады.

Түйін сөздер: сөздік, тіл, әдістер, тиімділік, дамыту, орта мектептер.

Жүктелулер

Как цитировать

Kerimbayeva, B., & Abzhekenova, B. (2021). Орта мектеп оқушыларының ағылшын тілінен сөздік қорын кеңейту әдістері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 68(3), 198–207. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.17

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы