Пандемиядан кейінгі оқыту дизайны және қазіргі дидактика

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.03
        207 564

Аннотация

Пандемия кезіндегі жаппай қашықтан оқыту, цифрлық білім беру технологиялары мен онлайн-форматтардың кеңінен қолданылуы қазіргі оқыту дизайнына өзгерістер енгізу мәселесін көтеруде. Қашықтан оқу кезінде студенттер өз бетімен жұмысқа бейімделіп, ақпараттық ресурстармен білім алудың жолдарын игерді, оқытушылардың педагогикалық әрекеттері мен қарым-қатынасына көзқарастары өзгеруде. Мақалада бұл үдерістердің білім беру бағдарламалары мен оқыту дизайнын, мазмұны мен әдістерін цифрлық кезеңдегі оқытуға сәйкес қайта қарастыруды қажет ететіні нақтыланған. Дәстүрлі және цифрлық дидактиканың интеграциясы негізінде оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістері мен құралдар жүйесін технологиялық ресурстармен синтездей отырып, оқытудың нәтижеге бағытталған жаңа дизайнын құрастыру туралы жасалған тұжырым зерттеу жұмысының  құндылығын анықтайды.

Мақалада зерттеу мақсатына сай қазіргі оқыту дизайнын жаңартудың әдіснамалық тұғырлары мен принциптері ретінде дәстүрлі дидактиканы цифрлық дидактикамен интеграциялаудың моделі ұсынылуы оның ғылыми маңызын көрсетеді. Сонымен қатар, білім бағдарламаларының мазмұнын мен құрылымын аралас оқытуға бейімдеуді, онлайн-құралдарды оқыту үдерісіне жүйелі енгізуді қарастыратын оқыту дизайндары негізделді. Білім алушыларды цифрлық ортада бірлесіп оқу, өз дағдыларын үнемі жетілдіру, оқытудың бірлесіп жасаудың құралдары мен әдістемесі айқындалуы жұмыстың практикалық маңызын дәлелдейді. Мақалада зерттеудің жүйелілік, іс-әрекеттік, зерттеушілік, синергетикалық, жобалық тұғырлар, оқыту дизайны мен дидактикасы негізінде ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау әдістері, эксперимент жүргізу және қорытындыларын жинақтау, салыстыру, цифрлық ресурстармен жұмысын дамыту тәжірибелері мен ұсыныстар негізге алынды. Зерттеу барысында қашықтан оқытудың құралдары мен ресурстарын қолдану деңгейі талданып, кері байланыс пен интерактивті онлайн сабақтар және студенттердің өзіндік жұмыстарын жобалау жолдары анықталды.

Қорытындыда дәстүрлі және цифрлық дидактиканы интеграциялаудың оқыту дизайнын құрудағы мүмкіндіктері сипатталды.

Түйін сөздер: оқыту дизайны, цифрлық дидактика, қазіргі дидактика, интеграция, аралас оқыту және онлайн оқыту

Жүктелулер

Как цитировать

Бахишева, С. М., Кемешова, А. М., & Мұхтар, З. Ғ. (2022). Пандемиядан кейінгі оқыту дизайны және қазіргі дидактика. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 70(1), 32–46. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.03

Шығарылым

Бөлім

Электронды оқыту мен дистанционды білім беру