Журналистің медиа коммуникативтік құзыреттіліктерінің жіктелімі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v73.i4.09Аннотация
Мақалада болашақ журналист маманның Болон үдерісіндегі оқу жүйесінде қалыптастыратын медиакоммуникативтік құзіреттіліктері туралы айтылады. Шетел тілі жоғары оқу орындарында міндетті компонент ретінде оқылады, соған сәйкес болашақ журналистің өз мамандығымен байланысты шеттілдік медиакоммуникатикативтік құзіреттіліктері де қалыптасатыны белгілі. Бұл құзіреттілік шет тілінде арнайы теориялық білімдер арқылы берілмегенмен, оқу материалындағы топиктер, тілашар сөздіктер, аударма сөздіктер, семантикалық материалдар, оқылым, жазылым арқылы берілген публицистикалық материалдар негізінде қалыптасады деп санаймыз. Сонымен қатар кез келген мамандық студенттері шеттілдік білім алады, сол кезеңде өз кәсіби мамандығына сәйкес шет тілінде білімді игеретін болса, құзыреттілігі арта түседі. Шеттілдік медиақұзыреттілік қазіргі оқу жүйесіндегі қосдипломдық (двудипломность) білім алуда да өте маңызды. Осы орайда, болашақ маман шетелдік массмедиа туралы мәліметімен қоса, менталитетті де меңгереді. Осы себептен шеттілдік білім беруде қалыптасатын құзыреттіліктердің деңгейі жоғары болуы шарт. Болашақ журналистердің кәсіби білім алу жүйесіндегі шеттілдік медиа-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру процесі қарастырылатын бұл мақалада 8 түрлі медиақұзыреттілік қарастырылып, талдау жасалады. Сонымен қатар, ғылымда танылған құзіреттіліктерге қоса заңдық құзыреттілікті де игеру қажет екендігін баса айқымыз келеді. Себебі журналистің кәсіби қызметінде мүмкін болатын және жасауға тыйым салынатын жағдайлар кездеседі. Сондықтан да болашақ мамандар негізгі кәсіби құзыреттілікке қоса заңдық құзыреттілікті де меңгергені жөн.
Түйін сөздер: журналистика, медиакоммуникативтік құзіреттілік, шеттілдік білім, медиасауаттылық, заңдық құзыреттілік, білім беру жүйесі.