Сыни педагогика аясында патриотизм мен адам құқықтарын зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v69.i4.11
        84 0

Аннотация

Бұл мақалада патриотизм мен адам құқықтарының ұштастыруынан туындаған моральдық, педагогикалық қайшылықтар зерттеліп, сыни білім беру контекстінде осы қарама-қайшылықтарға мүмкін болатын жауап ұсынылады. Патриотизм нысандары мен онымен байланысты адам құқықтарына шолу жасалады. Дереккөздерге ретроспективті талдау жүргізіледі. Адам құқықтары сынына қысқаша шолу жасалады және адам құқықтарының сыни және әмбебап емес тұжырымдамасы сыни патриотизммен бірге оларды жақындастыру стратегиясын тұжырымдайды. Мақаланың келесі бөлімінде патриотизм мен адам құқықтарының үйлесімсіздігі мәселелерін қалай жеңуге болатындығы талқыланады. Осыдан кейін осы тұжырымдаманы оқытуға педагогикалық көзқарас зерттеледі бұл жаңа бағыттың пайда болуынан тұрады – эмоционалды міндеттемелерге күмән келтіруге бағытталған эмоциялардың сыни педагогикасы.

Қорытынды бөлімде сыни білім беру контексіндегі патриотизм мен адам құқықтары арасындағы  «жақындасу» патриоттық сезімдер (өз еліне деген сүйіспеншілік формасы ретінде)  «эмоционалды тәрбиенің» ерекше формасын құрайтынын ескеруі керек. Осылайша, патриотизм мен адам құқықтарын оқыту патриотизм мен адам құқықтарының эмоционалды міндеттемелерін және осы міндеттемелердің салдарын зерттейтін «сыни эмоциялар педагогикасы» тұжырымдамасынан пайда көреді. Мұғалімдер патриотизм мен адам құқықтарының сыни, ынтымақтастық пен басқалармен эмоционалды қарым-қатынасты дамытуға ықпал ететін нысанын ынталандыруы керек.

Түйін сөздер: білім, патриотизм, адам құқығы, сыни тәрбие, сыни педагогика

Жүктелулер

Как цитировать

Kolumbayeva, S., & Lantseva, T. (2021). Сыни педагогика аясында патриотизм мен адам құқықтарын зерттеу. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 69(4), 118–129. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v69.i4.11

Шығарылым

Бөлім

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі