Оқушылардың мазасыздығын азайту аспектісінде қашықтықтан оқыту процесін психологиялық-педагогикалық қолдау принциптері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v69.i4.06
        120 0

Аннотация

Мазасыздықты зерттеу бүгінгі күні дереу шешуді қажет ететін мәселелердің бірі болып табылады. Аталған проблема қазір әлемнің жетекші педагогтары мен психологтарының назарында. Мақалада ыңғайлы психологиялық орта құру және білім беру сапасын сақтау мақсатында оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды мүмкін болатын қашықтықта жүзеге асыруға мүмкіндік беретін терең теориялық негіз құру тәсілдері ұсынылған. Мақалада алаңдаушылық деңгейін төмендетуге бағытталған қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың принциптері сипатталған. Авторлар тұжырымдаған қағидаттар онлайн білім берудің шарттарын, мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, оқытудың жалпыдидактикалық негіздерінің барлық контентінен таңдап алынған. Авторлар жасаған тұжырымдар қашықтықтан оқытудың ерекшеліктерін анықтауға, қашықтықта білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеумен байланысты педагогикалық проблеманы құрайтын векторларды анықтауға мүмкіндік береді. Әзірленген теориялық база болашақта оқу процесін ұйымдастырудың оффлайн және онлайн әдістерінің ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жүргізуге, оқытудың екі түрінің нәтижелерін диагностикалау құралдарын анықтауға, ұйымның жеке және ұжымдық форматтарында білім алушы үшін қолайлы психологиялық орта құру бойынша шаралар кешенін негіздеуге мүмкіндік береді. Мазасыздықты азайтуға бағытталған қашықтықтан оқыту процесін сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық жүйесі жасалды. Гипотеза ұсынылды, оған сәйкес бұл жүйені енгізу алаңдаушылықты азайтуға көмектеседі деп болжалды.

Түйін сөздер: қашықтықтан білім беру, оқыту принциптері, психологиялық-педагогикалық қолдау, оқытуды ұйымдастыру, педагог, оқушы, мектептегі оқшаулау мазасыздығы.

Жүктелулер

Как цитировать

Kussainov, A., Khavaidarova, M., & Konyrova, Z. (2021). Оқушылардың мазасыздығын азайту аспектісінде қашықтықтан оқыту процесін психологиялық-педагогикалық қолдау принциптері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 69(4), 63–69. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v69.i4.06

Шығарылым

Бөлім

Электронды оқыту мен дистанционды білім беру