Сингапур және Финляндия елдерінде педагог кадрларын аттестаттау жүйесінің оң тәжірибесін Қазақстанға трансформациялау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.05
        117 369

Аннотация

Мақалада Сингапур және Финляндия елдеріндегі педагог кадрларды аттестаттау жүйесінің оң тәжірибесін елімізге трансформациялау жөнінде сөз қозғалады. Сонымен қатар, Қазақстанда педагог кадрларды педагогикалық аттестаттаудан өткізудің қазіргі жағдайы туралы сөз қозғалды. Педагогтарды аттестаттау үдерісі жалпы педагогтармен, педагогтарға теңестірілген тұлғалардың біліктілігін арттырумен қатар жалпыұлттық сауаттылық пен білім деңгейін көтеруге септігін тигізеді. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген қағидалармен заңнамаларға сәйкес педагогтарды аттестаттау мерзімі бекітілген. Осы уақыт пен ережелерге сәйкес аттестаттаудың нәтижелері бойынша педагогтар түрлі санаттарға бөлініп, дәрежелер беріледі. Мақалада педагог кадрларды аттестаттау үдерісінің ерекшеліктері, оны мұғалімдердің қабылдауы мен педагогикалық ұжымдағы мұғалімнің мәртебесіне әсері қарастырылады. Сондай-ақ, педагогтардың кәсіби қызметінде аттестаттау тудыратын қиындықтар, осы мәселелерді шешу жолдары көрсетілген. Ал осындай маңызды іс-әрекеттерде әлемнің озық тәжірибелерін пайдаланамыз. Сонымен қатар практикалық бөлімде 68 педагог қатысқан, еліміздегі аттестаттау жайлы сауалнама нәтижелерін ұсынамыз. Сауалнама жүргізу мақсатымыз қазіргі кезде аттестаттау үдерісінде қандай қиындықтар бар екенін анықтау. Сауаланама online «Google Workspace» платформасында өткізілді, нәтижелері негізінде қорытынды жасап, елімізге Сингапур, Финляндия секілді озық білімді елдерден қандай тәжірибелер алуға болатындығына көз жеткіземіз.  

Түйін сөздер: Сингапур, Финляндия, педагог кадрлар, аттестаттау, трансформация, сауалнама.  

Жүктелулер

Как цитировать

Булатбаева, А. А., & Кожаева, А. А. (2022). Сингапур және Финляндия елдерінде педагог кадрларын аттестаттау жүйесінің оң тәжірибесін Қазақстанға трансформациялау. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 70(1), 60–70. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.05