Виртуалды оқу ортасында бұлтты технологияны қолдану
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.018Аннотация
Мақалада жеке бұлтты платформаны аралас оқытуда пайдалану тәжірибесі келтірілген.Білім беру платформасы бұлтты есептеулер технологиясын қолданып жүзеге асырылған.Зерттелген тақырып бұлтты есептеулер технологиясын қолданып білім беретін оқу орындары үшін өзекті.Бұл жұмыста білім беру жүйесінің қызметі және оны жүзеге асыру механизмдерінің өзгеруін көрсету міндеті қойылды.Бұл жұмыста виртуалды білім беру жағдайында білім беру жүйесінің қызмет ету және жүзеге асыру механизмдерінің өзгеруін көрсету міндеті қойылды. Аралас оқытуды дамытуға
арналған келесі ресурстар платформада қолжетімді: бейнеконференция, чат, вебинар, онлайн тест және сауалнамаға сілтеме. Жеке бұлттық платформаның функционалдығы клиент-сервер технологиясымен қамтамасыз етіледі. Автор жеке бұлттық платформаларды қолдану орынды деп есептейді, өйткені олар студенттердің белсенділігін арттыруға, білім сапасын арттыруға, оқытушылардың кәсіби деңгейін көтеруге, білім беру форматын әртараптандыруға мүмкіндік береді.
Эмпирикалық зерттеуге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 41 студенті қатысты. Студенттерге әзірленген платформада аралас әдіспен бірқатар пәндер бойынша оқыту ұсынылды. Зерттеу нәтижелерінің маңыздылығын бағалау үшін екі таңдаулы Студент тесті қолданылды. Онлайн-платформаны пайдаланғанға дейін және одан кейінгі эксперименттік және бақылау топтарындағы орташа көрсеткіштер арасындағы статистикалық маңызды айырмашылықтар туралы гипотеза расталды. Онлайн-платформаны пайдаланғаннан кейін оқушылардың нәтижелері жақсарды.
Түйін сөздер: бұлтты есептеу, оқыту платформасы, виртуалды орта, аралас оқыту әдісі.