Мектептердегі функциялық сауаттылықты дамыту: тақырыптық дискурсты талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.02
        615 902

Аннотация

Мектеп оқушыларының «функционалдық сауаттылығын» дамыту PISA (Programme for International Student Assessment) халықаралық бағдарламасымен бағаланады. Ол Қазақстандағы орта білім берудің маңызды бөлігі болып табылады және білім мен ғылымды дамытудың 2012, 2016, 2020 жылдарындағы мемлекеттік бағдарламаларында көрсетілген. Сондықтан бұл салаға Қазақстандағы зерттеушілер, мектеп бағдарламаларын әзірлеушілер және мектеп мұғалімдері ерекше көңіл бөледі. Бұл ретте, функционалдық сауаттылық тұжырымдамасының өзі, сондай-ақ онымен байланысты базалық/түйінді дағдылар тұжырымдамасы жылдам дамуда, өзгеруде және кеңеюде. Сондықтан оқушылар арасында функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыттары мен өзгерістерін анықтай отырып, оны дамытудың толық және егжей-тегжейлі перспективасын ұсынуға мүмкіндік беретін тұрақты тұтас шолу қажет. Мақалада тақырыптық дискурсты талдаудың негізгі нәтижелері берілген. Бұл талдау үшін басылымдардың библиографиялық синтезі және LDA тақырыптық модельдеу (Latent Dirichlet Allocation) қолданылды. Бұл жұмыс функционалдық сауаттылықты дамыту және бағалау саласындағы соңғы ғылыми зерттеулердің тақырыптық салаларымен таныстырады, білім берудің осы саласындағы пікірталастарға ұлттық және халықаралық деңгейде үлес қосады және функционалдық сауаттылықты дамыту мен бағалаудың жаңа әдістері мен тәсілдері саласындағы негізгі бағыттар туралы ұғымды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мақала мектеп бағдарламаларын әзірлеушілер мен мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ Қазақстандағы және шетелдегі мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мен бағалауды зерттейтін зерттеушілер үшін қызықты.

Түйін сөздер: функционалдық сауаттылық, орта мектеп, тақырыптық дискурсты талдау.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Ханли, Н., Оспанова, У. А., & Баймаханбетов, М. А. (2022). Мектептердегі функциялық сауаттылықты дамыту: тақырыптық дискурсты талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 70(1), 16–30. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.02

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер