Академиялық сөйлеу дағдыларын тәрбиелеудегі педагогикалық инновациялар
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.11Аннотация
Қазіргі қоғам талабына сай академиялық сөйлеу дағдысы қарқынды дамуда. Әсіресе, ағылшын тілінде академиялық сөздер мен терминдерді қолдану арқылы өз ойын жеткізе алу қабілеті ерекше маңызға ие болуда. Сондықтан ағылшын тілін оқытуда академиялық сөйлеу дағдысын қалыптастыруда түрлі инновациялық технологиялар қолданылуда. Соладың бірі ағылшын тілінде подкастарды қолдана отырып үйрету. Бұл мақалада ағылшын тілінде академиялық сөйлеу дағдысын қалыптастыруда ең тиімді әдіс ретінде оқу бағдарламасына қосымша ағылшын тілінде подкастарды қолдандық. Зерттеу жұмысына шет тілі мамандығында оқитын 2 курс студенттерінен 2 топ алынды. Бірі эксперименттік топ, екіншісі бақылау тобы ретінде болды. Эксперименттік топ ретінде таңдалған А тобында ағылшын тілін оқытуда тақырыпқа сай ағылшын тілінде подкастар қолданылды. Ал, Б тобына, яғни бақылау тобында оқыту процесі тек оқу бағдарламасымен ғана шектелді. Зерттеудің соңында интервью алынды. Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде ағылшын тілін оқыту процесінде подкастарды қолданған А тобының студенттерінде академиялық сөйлеу дағдысы қалыптасты, яғни, академиялық сөздер мен терминдерді көбірек қолданып, академиялық дәрежедегі сөйлемдерді құрастырды. Ал Б тобының студенттері ағылшын тілінде сөйлеу дағдылары қалыптасқанымен академиялық дәрежеде болмады, яғни, күнделікті жай ағылшын тіліндегі сөздерді қолданып сөйледі. Ағылшын тіліндегі академиялық сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатының аясында жүргізілген зерттеуде таңдалынып алынған әдіс оң нәтиже көрсетті. Ағылшын тілідегі подкастарды көру арқылы студенттердің академиялық сөйлеу дағдысы дамыды.
Түйін сөздер:академиялық сөйлеу дағдысы, подкаст, ағылшын тілі, инновация, интервью