Жобаға негізделген білім беру: медицина университеті студенттерінің тәжірибесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.12Аннотация
XXI-ші ғасырды жүзеге асырарлық жоба дайындау айтарлықтай құзыреттілік пен тәжірибені талап етеді. Осыған орай, білім беру мекемелерінің де бағыты студенттерді жоба дайындау дағдысына бейімдеуді көздеді.
2020 жылы Қарағанды медицина университеті негізінде, Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасында «Ғылыми жоба негіздері» атты пән енгізілді. Пәннің мақсаты студенттерді ғылыми жоба дайындау арқылы зерттеу құзыретімен қамтамасыз ету. Сабақтың жаңа нысанда өткізілгеніне орай, зерттеудің мақсаты студенттердің жоба дайындау тәжірибесін қалай қабылдағанын және олардың пікірлерін анықтауға бағытталды.
Аталған зерттеу сауалнама дизайны (survey design), атап айтқанда, кросс-секциялық сауалнама негізінде орындалды. Сауалнама ашық сұрақтардан тұрды. Сол себептен, сауалнамаға өз еріктерімен қатысқан отыз төрт студенттің пікірлері конструктивті негізделген теорияны (constructivist grounded theory) пайдаланып талданды.
Зерттеу нәтижесі респонденттердің 47% қазақ тілінде зерттеуді өткізуге қажетті ақпаратты табудан қиналғанын анықтады. Дегенмен, респонденттердің 68% әріптестерімен топтық жұмыста қатынасу ерекшелігін басым айқындаған. Жалпы, сауалнамаға қатысушылардың 74% жоба жасаудың болашаққа тиімді тұстарын атап көрсетті.
Түйін сөздер: жоба дайындау, конструктивті негізделген теория, студенттер, медицина университеті, тәжірибе.