Магистранттардың креативтілігін қалыптастырудың жолдары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.13
        103 123

Аннотация

Мақалада қазіргі таңдағы ерекше сұранысқа ие креативті-шығармашыл, кәсіби құзыреттілігі мен адами көзқарасы қалыптасқан жаңашыл, интеллектуалды, креативті тұлғалар дайындау мәселесі қарастырылған. Осыған байланысты, ЖОО-нан кейінгі білім беру жүйесі болашақ магистранттардың  ынталылық, инновациялық, икемділік және жан-жақтылық сияқты жаңа қырларын қалыптастыруды, креативті ойлай білетін, креативті-шығармашыл тұлға тәрбиелеуді көздейді.

Зерттеудің мақсаты – болашақ магистрлардың креативтілігін қалыптастыруды теориялық негіздеу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үдерісіндегі оның моделін ұсыну. Осы бағытта, болашақ магистранттарды ЖОО-да дайындау жүйесі олардың теориялық материалдарды меңгеруіне, толық түсінуіне, еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуына бағытталғандығы қарастырылады. Мақалада магистранттардың креативті іс-әрекетін қалыптастырудың ерекшеліктеріне сай креативтіліктің құрылымы мен мазмұны, компоненттері, деңгейлері және олардың қалыптасу өлшемдері анықталып, модель жасалды. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері әдіснамалық ұстанымдармен, философиялық тұғырда адамның танымдық қызметінің мәні туралы іргелі қағидаларымен, тұлғаға бағдарланған оқыту жүйелерімен креативтілікті қалыптастыруға қатысты психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі, сондай-ақ, білім беру саласындағы тұжырымдамаларымен анықталды. Оның практикалық мәні жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру де қолданылу мүмкіндігінде екендігі анықталды.
Түйін сөздер: креативтілік, болашақ магистрант, болашақ магистранттардың креативтілігі, шығармашылық, модельдеу.

Жүктелулер

Как цитировать

Септемирова, А. Ж., Елубаева, Р. С., & Тамабаева, Қ. Ө. (2022). Магистранттардың креативтілігін қалыптастырудың жолдары. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 70(1), 147–154. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.13

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы