Қазақстан мен Литва жоғары білім беру жүйесінде әлеуметтік педагогтарды даярлаудың ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.06
        233 151

Аннотация

Жоғары білімнің құзыреттілікке бағдарланған білім беру стандарттарына көшу студенттердің табысты кәсіби қызметі үшін кәсіби құзыреттерін қалыптастыруды көздейді. Зерттеудің мақсаты Қазақстан мен Литвада әлеуметтік педагогтарды даярлау кезінде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру тәжірибесін зерттеу, талдау болып табылады. Салыстырмалы сипаттамалық талдау қолданылды, әдебиеттер мен нормативтік құжаттарға шолуды, әлеуметтік педагогика бойынша бакалаврларды дайындауға арналған білім беру бағдарламаларын талдау кезінде жиналған зерттеу деректері келтірілді. Жоғары оқу орнында "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығы бойынша оқу кезінде, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеу үшін кәсіби құзыреттердің тұтас жүйесі қалыптастырылуы тиіс. Қазақстан мен Литва елдерінде әлеуметтік педагогтарды даярлаудың сипаты мен үрдістері анықталды, әлеуметтік педагогтердің құзыреттерін қалыптастыру процесінде жалпы және ерекше және әлемдік қоғамдастық қабылдаған кәсіби құзыреттілікке бағдарлау қажеттілігі белгіленді. Литва Республикасының нормативтік құжаттарын талдау болашақ әлеуметтік педагогты даярлау, оның құзыреттерін дамыту мамандандырылған бағытта екенін және әлеуметтік педагогтарды инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге дайындауды көздейтінін көрсетті. Оған келесі пәндерді оқыту ықпал етеді:"Бала денсаулығы туралы білім беру"," Әлеуметтік педагогтың жұмысы","Бала құқығын қорғау" және т.б.

Түйін сөздер: инклюзивті білім беру; кәсіби құзыреттер; сипаттамалық, салыстырмалы талдау; әлеуметтік педагогика.

Авторлардың биографисы

А. С. Магауова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

doctor of pedagogical sciences, professor of Department of Pedagogy and Educational Management

А. Т. Искакова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан Университеті

Vice-Rector for Strategic Development and Internationalization,

Candidate of Pedagogical Sciences, Associate Professor

M.Auezov South Kazakhstan University

Жүктелулер

Как цитировать

Магауова, А. С., Махамбетова, Ж. Т., & Искакова, А. Т. (2022). Қазақстан мен Литва жоғары білім беру жүйесінде әлеуметтік педагогтарды даярлаудың ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 70(1), 71–79. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.06