"Ақпараттық технологиялар" мамандығының 1 курс студенттерінің жазу дағдыларын жетілдіру
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.011Аннотация
Тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым – негізгі тілдік дағдылар болып табылады. Бұл қабілеттер рецептивті (немесе пассивті) немесе өнімді (немесе белсенді) болып табылады. Тыңдалым және
оқылым қабылдау дағдылары болып саналады, өйткені олар студенттердің тілді қабылдауын және түсінуін талап етеді. Екінші жағынан, аайтылым және жазылым - бұл студенттерден өз бетінше сөйлеуді қажет ететін өнімді дағдылар.
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) студенттері біліктіліктерін арттыру және болашақ мамандығына дайындалу үшін әртүрлі ағылшын тілі курстарынан өтеді. Тілдер кафедрасы ұсынатын курстардың көпшілігі олардың жазу дағдыларын жетілдірумен байланысты, сондықтан студенттердің жазу дағдыларын қалыптастыру және оларды толыққанды дамыту үшін мұғалімдерге әртүрлі оқыту әдістері мен әдістемелерін жасау басты міндет болып табылады.
Бұл мақалада университеттің “Ақпараттық технологиялар (АТ)” мамандығының 1-курс студенттеріне ағылшын тілін үйретуде олардың кәсіби бағыттағы ағылшын тілі курсының бағдарламасына алғашқы қадам ретінде қолданылатын ағылшын тілінде эссе жазу әдістері талқыланады. Эссе жазу курсының бағдарламасы Алматы қаласындағы Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінде “Intermediate” деңгейдегі бакалавриаттың 1 курс студенттеріне арналған. Жазылым дағдысы әрқашанда ағылшын тілін оқыту мен үйренудегі маңызды дағды болып саналады. Эссе жазу маңыздылығы мұғалімдердің өз студеенттеріне үйретуге тырысатын грамматикалық құрылымдары мен сөздік қорын жақсартуымен тығыз байланысты.
Студенттердің жазу дағдыларын жетілдіру үшін мұғалімдер оқытудың жаңа және инновациялық әдістерін қарастыруы керек. Бақылау әдісін пайдалана отырып, бұл зерттеу студенттердің 2021-2022 оқу жылының 1-ші және 2-ші аттестацияларында алған қорытынды бағалары, аралық және қорытынды емтихандар кезінде жазылған эсселер студенттердің үлгерімін көру үшін әртүрлі оқыту стратегиялары мен әдістемелері талдайды. Бұл мақаланың мақсаты “Intermediate” деңгейдегі 1-курс студенттерінің ағылшын тілінде жазу дағдыларын жақсарту үшін оқыту тәсілдерін ұсыну. Қорытындылар бойынша миға шабуыл, гамбургер әдісі, имитацияланған жазу, интерактивті жазу әдістерін пайдалана отырып, алға қойылған мақсатқа жетуге болатынын көрсетеді.
Түйін сөздер: эссе жазу, дағдылар, әдістер, ағылшын тілін үйрену, оқыту, курс, бағдарлама.