Шет тілдерін оқытудың аналитикалық-ситуациялық технологиялары: жоба әдісі

Авторлар

  • D. Kabenovа Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,Қазақстан,Астана қ. http://orcid.org/0000-0001-8123-0825
  • Sh. Iskakova Жәңгір хан атындағы Батыс Казақстан аграрлық-техникалық университеті, Қазақстан, Орал қ. http://orcid.org/0000-0001-6480-9050
  • B. Utegaliyeva Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-2424-3747

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.012
        113 135

Аннотация

Болашақ шет тілі мұғалімдерін даярлауға қойылатын заманауи талаптар жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде кәсіптік пәндерді оқытуда аналитикалық-ситуациялық технологиялардың жетекші әдісі ретінде жобалық әдісті қолдануды өзекті етеді. Мақаланың мақсаты – ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде «жобалық әдіс» ұғымының технология ретінде және әдістің өзі ретіндегі айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау, осы әдістің болашақ шет тілі мұғалімдеріне шет тілін оқытудағы мүмкіндіктерін анықтау және көрсету. Мақалада жобалық оқытудың пайда болу тарихы, «жобалар әдісі» түсінігі көрсетілген.
Мақсатқа жетуге келесі әдістерді қолдану ықпал етті: ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге шолу және мәселенің жалпы сипаттамасы, жобалық әрекетке қатысушыларды бақылау, алынған мәліметтерді талдау және түсіндіру. Мақала авторлары жоба әдісінің мазмұнын, мақсаттарын, нысандары мен әдістерін, сондай-ақ іске асыру кезеңдерін атап өтті. Авторлар аналитикалық-ситуациялық оқыту технологияларын енгізу тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ шет тілі мұғалімдерінің оқу процесінде жобалық әдісті қолдану нақты проблемалық ситуацияларды шешуге бағытталғанын алға тартады. Оның нәтижесі нақты өнім болып табылады, мысалы: презентация, мақала, ситуациялық ойын, әдістемелік құрал, әдістемелік әзірлеме және т.б. Жоба әдісіне негізделген аналитикалық-ситуациялық технологияларды қолданудың нәтижесі лингвистикалық, коммуникативті және кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруде. Зерттеудің эмпирикалық бөлігіне Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (Астана қ.) және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің (Орал қ.) студенттері қатысты. Түйін сөздер: аналитикалық және ситуациялық технологиялар, жобалық әдіс, шет тілі, лингвистикалық құзыреттер, кәсіби құзыреттіліктер

Жүктелулер

Как цитировать

Kabenovа D., Iskakova, S., & Utegaliyeva, B. (2023). Шет тілдерін оқытудың аналитикалық-ситуациялық технологиялары: жоба әдісі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 75(2), 125–136. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.012