Халықаралық білім алып келген түлектерді жұмыспен қамту: экономика проблемалары және өзгерістерге кедергісі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v73.i4.01
        146 95

Аннотация

Халықаралық стипендиялық бағдарламалар мамандардың шетелдік және жергілікті университеттерде білім алуын қаржыландыратын көптеген дамушы елдердегі және табыс деңгейі орташа елдердегі адамзат капиталын дамытуға бағытталған тұрақтанған тәсіл болып табылады. Алайда стипендиялық бағдарламалардың көп түлектері өз елінде жетістікке жету үшін көп жігерін сарп етеді және еңбек нарығында талай қиындықтарға тап болады. Жұмыс орындарының жеткіліксіздігі, вакантты орындардың саны шектеулі болғандықтан үлкен сұраныстан туындайтын қатаң бәсекелестік, нарықта ұсынылатын жалақы мөлшерімен салыстырғанда жоғарырақ жалақы күту секілді әлеуметтік-экономикалық факторлар түлектердің жұмысқа орналасуына кедергі болып табылады. Осы зерттеу жұмысының шеңберінде STEM мамандықтары бойынша білім алған қазақстандық мемлекеттік стипендиялық бағдарламалар түлектерінің жұмысқа орналасу тәжірибесі зерттеледі және еңбек нарығында оларға кезігетін қиындықтар анықталады. Жүргізілген 45 сұхбаттың негізінде жасалған талдау халықаралық стипендиялық бағдарламалар түлектерінің еңбек нарығында артықшылыққа ие екенін және олардың көбінің мансап жолында табысқа қол жеткізетінін көрсетті. Осыған қарамастан олардың жұмыспен қамтылуы мен мансаптық перспективалары әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлардың, ұрпақтар арасындағы қақтығысты қарым-қатынастардың және стипендиялық бағдарламаларды реттейтін ережелердің шиеленісі арқылы қиындайды. Бұл мақалада сондай-ақ еңбек нарығында түлектерге ұшырасатын проблемаларды барынша азайту бойынша ұсыныстар келтіріледі.

Түйін сөздер: түлектерді жұмыспен қамту, халықаралық білім, стипендиялық бағдарламалар, еңбек нарығы, жұмысқа орналасу проблемалары

Жүктелулер

Как цитировать

Kim, T., Jonbekova, D., Kerimkulova, S., Jumakulov, Z., Sparks, J., & Ruby, A. (2022). Халықаралық білім алып келген түлектерді жұмыспен қамту: экономика проблемалары және өзгерістерге кедергісі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 73(4), 4–13. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v73.i4.01

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер