Болашақ мектеп мұғалімдерінің медиамәдениетін қалыптастырудың технологиялары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v73.i4.04
        143 459

Аннотация

Мақалада автор «медиамәдениет», «медиа білім беру», «медиасауаттылық» ұғымдарына, медиамәдениеттің құрамдас құрылымдық компоненттеріне теориялық талдау жасайды. Қоғамда медианың әртүрлі орталарға әсер ететін бұқаралық коммуникацияның күрделі жүйесі қарастырылады. Медиамәдениет – қазіргі қоғамның негізгі буыны болып табылатын ақпараттық қоғам мәдениетінің ерекше түрі. Автор болашақ мұғалімдердің медиа мәдениетін қалыптастырудың, ақпарат көздерінің жеке тұлғаны ақпараттандыру мен дамытуда маңызды рөл атқаратындықтан, мұғалімдердің ақпарат көздеріне сыни талдау жасауының маңыздылығын атап көрсетеді. Медиамәдениетті қалыптастыру технологиялары талданып, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамытудағы және қоғамдық сананы қалыптастырудағы БАҚ рөліне ерекше назарға алады. Мақаланың мазмұны озық мемлекеттер тәжірибесінен мысалдармен толығып, жалпы медиа мәдениеттің даму деңгейін сипаттайды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 21 студенті арасында медиамәдениет бағыты бойынша сауалнама жүргізілді. Алғашқы кезеңде студенттердің білім деңгейі 52% төмен деңгейде екені анықталды, содан кейін студенттердің медиамәдениетін қалыптастыру бағдарламасы құрастырылды. Жүргізілген тәжірибелік жұмыстан кейін кейін медиамәдениет деңгейі қайта өлшеніп, 62 % жоғары, 20 % орташа, 18 % төмен деңгейде екенін көрсетті.Алынған нәтижелер болашақ мұғалімдердің медиасауаттылығы мен медиамәдениетін меңгеруі, заманауи операциялық құрылғыларды, интернет-ресурстарды сауатты пайдалана білуге  ықпал етеді, оқу процесінде автоматтандырылған бағдарламаларды қолдану мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектеседі және т.б.

Түйін сөздер: медиамәдениет, медиасауаттылық, медиабілім, мультимедиа, ақпараттық сауаттылық, медиатехнология

Жүктелулер

Как цитировать

Alshymbayeva, A., & Tashkeyeva, Z. (2022). Болашақ мектеп мұғалімдерінің медиамәдениетін қалыптастырудың технологиялары. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 73(4), 41–51. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v73.i4.04

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер