Дамушы елдердің орта білім беру жүйесінде геоақпараттық технологияларды қолдану тәжірибелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.014
        236 190

Аннотация

Соңғы онжылдықта технологияның қарқынды дамуы мен қоғамның цифрлық құрылғыларға және үлкен ақпараттық ресурстарға қол жеткізуі, технологияны тиімді пайдалану мен білімін жетілдіру мүмкіндігіне, мұғалімдердің кәсіби дағдылары мен құзыреттерінің өзгеруіне алып келуде. Себебі, цифрлық жүйелерді дамыту және географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ) енгізу, әлемдік жаңалықтарды қабылдау мен көп өлшемді талдауларды жүргізуге мүмкіндік береді. Дегенмен, білікті мамандарды дайындауда, тәрбие мен сапалы жоғары білім беруді жетілдіруде, геоақпараттық технологиялар әлемді зерттеудің негізгі әдістерінің бірі ретінде өзінің лайықты орнын алуы керек. Сондай-ақ, орта мектептегі географиялық білім беру үрдісіндегі дамушы елдердің геоақпараттық технологияларды енгізу тәжірибелерін зерттеу өте маңызды. Осы орайда, аталған зерттеуде, қойылған мақсатқа сәйкес, дамушы елдердің орта білім беру жүйесінде геоақпараттық технологияларды қолдану тәжірибелерін және жекелеген елдер бойынша ерекшеліктерін зерттедік. Теориялық талдау, жинақтау, бағалау әдістері негізінде Азия елдерінен (Түркия, Үндістан, Қытай, Сингапур, Гонконг және Жапония), Африкадан (Оңтүстік Африка Республикасы, Уганда, Руанда, Нигерия және Танзания) және Мұхиттық арал елдерінің (Жаңа Зеландия мен Австралия) орта білім беру жүйесінде ГАЖ қолдану тәжірибелері кең көлемде зерттелді. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, WebGIS платформалары негізінен орта білім беруде оқыту мен оқуды жеңілдету үшін құрылғандығы анықталды. Сондықтан, мектеп бағдарламаларына сәйкес географиялық білім беруді жетілдіру мақсатында ГАЖ технологиясының негізін құрайтын ArcGIS, Іlwis 3.8.6 және QGIS 3.16 компьютерлік бағдарламаларын, Google Earth және Sas Planet картографиялық-навигациялық бағдарламалары мен web–картографиялық ресурстарын және электрондық карталарды сабақта қолдану тиімді болатындығына сенімдіміз. Қорыта келе, осындай көптеген әлімдік тәжірибелерді негізге ала отырып, еліміздегі мектеп бағдарламасында жаңартылған мазмұнда ГАЖ технологияларын пайдалануды арттыру керек деп есептейміз. ГАЖ - мұғалімдер мен оқушыларға заманауи геоинформациялық жүйелер мен сандық технологияларды тиімді пайдалану дағдылары мен іскерлігін қалыптастыруға және сандық технологиялар мен ГАЖ-ды қолдану туралы түсініктерін тереңдетуге, кәсіби бағдарлануға ықпал етеді.
Түйін сөздер: дамушы елдер, орта білім беру, ГАЖ, тәжірибе.

Жүктелулер

Как цитировать

Usenov, N., Layshanov, S., Abikbaev, E., & Issakov, Y. (2023). Дамушы елдердің орта білім беру жүйесінде геоақпараттық технологияларды қолдану тәжірибелері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 75(2), 150–160. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.014