Заманауи зерттеулердегі экологиялық педагогиканың өзекті мәселелері: сапалы контент-талдау

Авторлар

  • A. Boranbayev Кызылординский университет «Болашак», Казахстан, г. Кызылорда

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v77.i4.08
        225 123

Аннотация

Экологиялық педагогика деп аталатын ғылымдар саласы қоршаған орта бойынша білім берудің әдіснамалық тәсілдерін анықтайды. Экологиялық білім қоршаған орта құбылыстарын түсіну және білім алушылардың экологиялық мәдениетінің өсуі міндеттерін қояды. Әсіресе, экологиялық педагогика білім беру парадигмаларының өзгеруі жағдайында өзекті болып табылады. Жаһандану жағдайында заманауи зерттеулерде экологиялық педагогиканың өзекті мәселелерін ескеруді аса маңызды деп санаймыз. Бұл мақаланың басты міндеті – осы мәселеге қатысты шетелдік ғалымдардың пікірлерін жүйелеу болып табылады. Сондықтан бұл зерттеу жұмысында қазақ және орыс тілдерінде жазылған ғылыми әдебиеттерге назар аударылмайды. Шетелдік зерттеулерде экологиялық педагогиканы түсіндіруде «Environmental Pedagogy», «Ecological Pedagogy» және «Ecopedagogy» ұғымдарын пайдаланады. Бұл зерттеуде «Environmental Pedagogy» негізгі кілт сөз ретінде алынды және негізгі міндетті шешу бағытында «Scopus» базасында индекстелген мақалаларға сапалы контент-талдау жүргізілді. Автор 31 мақаланы талдау арқылы зерттеу жұмысының нәтижелеріне жете алды. Мәселенің тақырыптық ауқымы зерттеу жұмысының үш тақырыбын анықтады. Тақырыптар экологиялық педагогиканың орта білім мен жоғары білім берудегі мәселелерін, оның әлеуметтік мәселелерге бағытталуы және экологиялық әділеттілікті анықтауды қамтыды. Мақалада заманауи зерттеулерге сүйене отырып экологиялық педагогика түсінігіне авторлық анықтама беріледі.

Түйін сөздер: экологиялық педагогика, экологиялық білім, қоршаған орта, оқу бағдарламасы, экологиялық әділеттілік.

Жүктелулер

Как цитировать

Boranbayev, A. . (2023). Заманауи зерттеулердегі экологиялық педагогиканың өзекті мәселелері: сапалы контент-талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 77(4), 88–100. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v77.i4.08