Молекулалық-генетикалық процесстерді модельді оқытуда студенттердің зерттеу дағдыларын қалыптастыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.09
        207 255

Аннотация

Студенттердің ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру жоғары оқу орындарында генетканы оқытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Зерттеу дағдылары студенттердің белгілі бір тақырыпқа қатысты пайдалы ақпаратты іздеу, шығармашылық зерттеу және бағалау қабілеті. Бұл дағдыларды қалыптастыруға зерттеу жүргізу, сыни талдауды қолдану және белгілі бір мәселенің гипотезаларын немесе шешімдерін қалыптастыру жатады. Интеллектуалдық әлеуетті қалыптастыруда ғылым мен білімді дамытудың маңызы зор. Мақалада біз биология мамандығының студенттеріне генетиканы, молекулалық биологияны оқытуда зерттеу дағдыларын қалыптастыруға арналған модельді оқыту әдісі – ДНҚ штамптары туралы берілген. Модель дегеніміз идеяны, нысанды, тұжырымдаманы, жүйені ұсыну. Ал модельдеу жұмысы студенттерді өз білімдерін жүйелендіруге, тереңдетуге және практикада қолдануға мүмкіндік береді. Генетика сабағында студенттер ДНҚ репликациясын, Нонсенсс, Миссенсс, Фреймшифт мутациялары, CRISPR механизмін модельдеу арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізді. ДНҚ штамптарымен модельдеу білім алушылардың мотивациясын, пәнге деген қызығушылығын арттырып, бағалауды жеңілдетеді, сонымен қатар білім алушылардың модельдеу процестерін есте сақтауға көмектеседі. Студенттердің білімдері сауалнама, сұхбат әдістері арқылы тексерілді. Зерттеу нәтижесінде студенттердің пәнге қызығушылығы және күрделі генетикалық процестерді модельдеу арқылы оңай түсінді.
Түйін сөздер: Генетика, молекулалық биология, модельдеу, зерттеу дағдылары, ДНҚ репликациясы.

Автордың биографиясы

А. Ramazanova, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,Қазақстан,Алматы қ.

                                                                                                                

Жүктелулер

Как цитировать

Zhoshibekova, B., Sartayeva, A., & Ramazanova А. (2023). Молекулалық-генетикалық процесстерді модельді оқытуда студенттердің зерттеу дағдыларын қалыптастыру. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 75(2), 96–107. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.09