Кәсіби тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.05
        126 303

Аннотация

Бұл мақаланың негізгі мақсаты – мәселені зерттеген зерттеушілердің тұжырымдарын жүйелеу болып табылады. Біз зерттеуімізде тек «Scopus» базасында индекстелген материалдарға назар аударамыз. Бұл зерттеуде «Professional personality» негізгі кілт сөз ретінде алынды және мақсатты шешу үшін базада табылған материалдарға библиометриялық және сапалық контент-талдау жүргізілді. Автор зерттеу нәтижелерін жүзеге асыру және қорытынды шығару үшін 41 ғылыми әдебиетке сапалық талдауға басымдық береді. Талдау жасауға басымдық берілген әдебиеттер 5 тілде жазылған: ағылшын (26); испан (6); француз (4); орыс (4); неміс (1). Зерттеу мәселелерін шешу үшін бізге екі іргелі мәселеге жауап қажет. Мақала нәтижелері және талқылау 2 бөлімнен құралған. Бірінші бөлімде кәсіби тұлғаны қалыптастырудың алғы-шарттары, мақсаттары мен құрылымдары талқыланады. Бұл бөлімде кәсіби тұлға тұжырымдамасы, кәсіби тұлғаның қалыптасу кезеңдері, кәсіби тұлғаның дамуы, кәсіби тұлға үлгілері секілді т.б. 12 негізгі мәселеге мән береміз. Зерттеу жұмысының екінші бөлімінде медициналық білім беру аясында қалыптасқан педагогикалық көзқарастардың кәсіби тұлғаның қалыптасуы үшін маңызы зор екендігін алға тартамыз. Бұл бөлімде кәсіби тұлғаға жыныстық ерекшеліктердің ықпалы, кәсіби тұлғаның психологиялық және психодинамикалық ерекшеліктері, кәсіби тұлғаға бағытталған оқу стратегиясы сынды т.б. 7 негізгі мәселені талқылаймыз.
Түйін сөздер: кәсіби тұлға, жоғары білім, тәжірибе, құндылықтар, тәрбие.

Жүктелулер

Как цитировать

Sapartayeva, L. (2023). Кәсіби тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық мәселелері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 75(2), 44–58. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.05

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер